ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ

Кеше «Достық үйінде» Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Тарихи сананы жаңғырту аясындағы қазіргі заманғы гуманитарлық білім мен ғылымның жаңа көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жиын Философия, саясаттану және дінтану институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылды. Басқосуға бірқатар қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. 

Конференция қазақстандық әлеу­мет­тік ғылымдардың тарихи жолын, мемлекет пен қоғам алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша негізгі нәтижелер мен болашағын зерделеу мақсатын көздеді.

Конференция қазақстандық фило­софия мектебі: қоғамдық сананы жаң­ғыртудың жаңа көкжиектері, Қазақ­станның өзіндік ерекшелігін қалыптас­тырудағы саясаттану ғылымының  рөлі, қазіргі заманғы дінтанулық зерттеулер: әдіснамасы, тәжірибесі және келешегі атты үш секция ауқымында өткізілді.

Жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижанов оның тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырып, қазіргі таңда «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарла­малық мақалалары аясында жүзеге асырылып жатқан іргелі істерді атап өтті.    Басқосу барысында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Білім және ғылым минис­трлігі Ғылым комитеті төрағасының орын­басары Асқар Жаркенов ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің құттықтау хатын, ал Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жылы лебіз­дерге толы құттықтау хатын институт басшысына табыстады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының прези­денті Мұрат  Жұрынов, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Абай атындағы педагогикалық университе­тінің ректоры Такир Балық­баев және тағы басқалар институт ұжы­мын құттықтап, егемен еліміздің дамуын­дағы оның қосқан үлесі үлкен екендігін атап өтті.

1958 жылы отандық Ғылым акаде­миясының құрамында құрылған Фило­софия, саясаттану және дінтану инсти­туты сол кезде Философия және құқық институты болып аталған және диалек­тикалық логика, құқықтану және ғылым әдіснамасы салаларында ірі зерттеулер жүргізген. Ғылымның осы салаларын­дағы елеулі жетістіктердің арқасында институт КСРО-да және одан тыс жерлерде кеңінен танылды. Институттың жұмысы С.З.Зиманов, Ж.М.Әбділдин, М.Т.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев тәрізді академиктердің және тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық білім сала­сындағы көптеген белгілі мамандардың есімдерімен тығыз байланысты болды. Бүгінгі таңда институт Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетіл­ген­дей, қоғамдық сананың жаңа бағдар­ларын ғылыми тұрғыда негіздеуді өзіне міндет етіп қояды.

 

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close