ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ПАШ ЕТУІМІЗ КЕРЕК

Нұрлан ОРАЗАЛИН, ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Елбасы Н.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын Алаштың алтын бесігі саналатын Алматының зиялы қауымы ең алғаш болып талқылады. Бұл – түбегейлі өзінің Ата заңы бар елдің ішкі және сыртқы жағдайын, жалпы мемлекетті сақтап қалуға үлкен әсер беріп, бағыт болатын еңбек деп есептеймін. Негізі ҚР Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланған болатын. Сол жылдардан бастап еліміздің тарихқа ден қойғанын байқау қиын емес. Араға ондаған жыл салып ішкі тұтастығы­мызды, сырт­қы абырой-беделімізді сақтап қалу жөніндегі мәселелер Елбасының кезекті келелі мақаласында кеңінен қамтылып отыр. Біз – тәуелсіз елміз. Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Ендігі жерде тағылымды тарихымызды зерделеп,  тарихи құндылық­тарымызды паш етуіміз керек. Жаңағы жұқа тарихты қалыңдатуымыз керек. Тарихты наси­хаттау мәселенің бір қыры ғана. Зерттеу мен оқыту­дың да арқалап тұрған жүгі өте ауыр. Түптеп келгенде, тарихты салиқалы зерттеу мен білікті оқыту оны насихат­таудың мазмұны мен өрісін анықтайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *