Тарифтің өсуіне жол берілмеді

Құттыбек АЙМАХАН

 

 

Жыл басталғанда және көктем шыға комму­налды қызмет көрсетушілер көрсетілетін қызмет ақысын көтергісі келетіні белгілі. Мысалы, таяуда коммуналдық қызмет көрсету­ші мекемелер суық су мен кәріз желісі қызметін өсіруге ұсыныс берген еді. Бірақ ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополия­ларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушы­лар құқығын қорғау жөніндегі комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті бұл өтінішті қабылдамай тастады.

Осы ретте аталған департамент басшы­сының орынбасары Бауыржан Қайырбек: «Бізге жыл басында «Алматы су» МКК суық сумен қамтамасыз ету және бөліп беру тарифін тиісінше 21 және 45 пайызға көбейтуді сұрап өтініш берген болатын. Соған орай, біз Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, кәсіп­орынның шығындарына жан-жақты талдау жасай келе тарифті бұрынғы күйінде қалдыруға шешім қабылдадық» деген түсініктеме берді.

Сонымен қатар, ол «Алматы су» МКК ұсынып отырған тарифтер суық сумен қамта­масыз етудің текше метрі 55,56 теңге дең­гейінде, ал кәріз қызметінің текше метрі 28,8 теңге мөлшерінде осыдан төрт жыл бұры, яғни 2014 жылы бекітілгенін еске салып өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *