ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН ТАСТҮЛЕК

53Қуан, қазақ. Ұланың Олимпиада жүлдесін қанжығасына байлады.

Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде дзюдо күресі бойынша 60 келі салмақта қазақ оғланы, дзюдодан Әлем чемпионы Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Жиыр­ма үш жастағы Тараз тумасы Олим­пиаданың барлық кез­десуін атойлап жүріп жеңіп, финалда, қо­сымша уақытта Ресейпалуаны Тагир Хай­бул­лаевқа бір ұпай беріп қойды. Отызға толып, соңғы Олим­пиадасына келген ресейлік палуан да әбден дайындалған екен. Берілген бес минут бойы біздің баланың мысы басып тұрған белдесуде ресейліктің бар мақсаты – ұпай бермеу болды. Ілдебайлап, қосымша уақыт «colgen store»-ге де жеткен әккі ресейлік соңғы минутта Елдосты жамбасқа отырғызып, 1 ұпай алып кетті. Жалғыз ұпай «алтынның» тағдырын шешті. Әлемдік дзюдо рейтингінің ондығының соңында тұрған ресейлік  «Әлемнің төртінші палуаны» Елдос Сметовты жеңеді деп ешкім ойламаған. Елдостың өзі де жартылай финалдағы жеңісінен соң, сәл «босаңсығанын» айтады.

Алтын  алмадың деп Елдосқа өкпе артатын ретіміз де жоқ. Соңғы екі жылда дзюдодан барлық  Халықаралық, ГранПри додаларда жүлде салып, Әлем, Азия чемпионы атанған Елдос Сметов Асхат Житкеевтен кейінгі Қазақстанның әлемдік дзюдодағы үлесін түгендеп жүрген палуан. Татами төрінде атой салып, қазақтың қарадомалақтарына үлгі болып жүрген  саңлақ. Жақсылық, Дәулеттерді көріп – боз кілемге, Серік, Ермахандарды көріп – рингке ұмтылған қазақ балалары Елдос­тардың жеңістерінен соң татамиға  шығып, қазақ күресімен «туыс» дзюдодан биік шыңдарды әлі талай бағындырады.

Ал, Елдосымыз аман болса, әлі бір-екі Олимпиаданың жүлдесін қанжығаға байлары хақ.

Тек, «Тараздың тастүлегін» Тәңіріміз тіл-көз, бәле-жаладан сақтасын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *