«Танысу Алматы» халықаралық фестиваль-байқауы өтеді

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Танысу Алматы» халықаралық фестиваль-байқауына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Оған Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Италиядағы «Festival&Contest» мәдени бірлестігінің президенті Кристиан Карточети, «Festival&Contest» арт-директоры Жанна Байбакова, Болонья консерваториясының ректоры, профессор Стефано Мальферрари, италиялық танымал биші және хореограф Паоло Лонди, атақты эстрада әншісі, Италиядағы Санремо байқауының қатысушысы Энрико Колонна, италиялық танымал фотограф және суретші Франческо Коппари қатысты.

21–25 наурыз аралығында Алматы қаласында үшінші рет өтетін фестиваль-байқау Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бөлігі болып табылады.

Байқауды Италиядағы «Festival&Contest» мәдени бірлестігі, Қазақстан Республикасының Сан-Маринодағы құрметті консулдығы ұйымдастыруда.

Байқаудың бағдарламасы бойынша, бүгін өткен баспасөз конференциясынан кейін 22 наурыз «Вокал өнері және хор» номинациясына арналады, яғни «Аспаптық шығармашылық және оркестр» номинациясының бірінші бөлімі өтеді. Ал 23 наурыз – «Хореографиялық шығармашылық» номинациясы бойынша байқау күні. Сондай-ақ, ертең «Аспаптық шығармашылық және оркестр» номинациясының екінші бөлігі болады.

Гала-концерттің дайындығы, жалпы хореография мен вокал нөмірлерінің қойылымы, гала-кеш және фестиваль-байқауға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі 24 наурызға жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұлардың бәріне кіру тегін екенін айтады.

Сонымен қатар, 25 наурыз күні хореография, фортепиано, вокал бойынша шеберлік сабақтары өтетінін еске саламыз.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close