Тамыз айынан бастап бірқатар көшелерге біржақты көлік қозғалысы енгізіледі

Алматыда көлік қозғалысының Кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қара­сай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай ба­тыр, Гоголь, Мұратбаев және  Шәріпов көше­­леріне біржақты  көлік қозғалысы енгізіледі.

Атап айтқанда:

> Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін батыс бағытта.

> Гоголь көшесі бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта.

> Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта.

> Қарасай батыр көшесі бойымен батыс бағытта  Масанчи  көшесінен  Розыбақиев көшесіне дейін.

> Жамбыл көшесі бойымен шығыс бағытта  Розыбақиев көше­сінен Масанчи көшесіне дейін.

> Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін  оңтүстік бағытта.

> Шәріпов көшесі бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта.

Бұл шара апатты жағдайларды 50% қыс­қартуға, негізгі магист­ральды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Аталған учаскелерде орташа жылдамдықты 12 шақырым/сағатқа көбейту  және  жолға  кететін уақытты орташа 17%-ға қысқарту  арқылы  бұл  жолдар­дың автокөлік құрал­дарын өткізу  қабілетін арттыруға болады деп күтілуде.

Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында жолау­шылар көліктері үшін арнайы жолақ жасалады, соның арқасында (сыз­бада көрсетілгендей) кедер­гісіз  көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Тағы бір айта кетерлігі,  қалада жол  қозғалысы қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін  жылдамдықты   азайтуға ерекше мән беріліп отыр. Аталған учаскелерде көліктердің жүру жылдамдығы  сағатына 40 шақырым деп белгіленген.  Көлік қозғалы­сының бұл жаңа сызбасы биылғы жылдың 5 тамызында қолданысқа енгізілетін болады.

«Ақшам-ақпарат» хабарлағандай, бұған дейін  біржақты көлік қоз­ғалысы Алматы­дағы Шевченко  жә­не Құрманғазы  көшелеріне енгізіл­ген еді.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *