Таланттар табыспен оралды

Рая ЕСКЕНДIР

Елiмiз Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына Алматының өнерпаз балалары керемет тарту жасады. Олар Израильдiң оңтүстiгiндегi Беер-Шева қаласында өткен «KOHAV MAROM – 2011» балалар мен жасөспiрiмдердiң VII Халықаралық Гимнастрада фестиваль-конкурсының лауреаттары атанды.

Өнер сайысына қатысқан қазақстандық өнерпаз балалар барлық номинация бойынша жүлделi орындарға ие болды. Қазақ өнерiнiң мақтанышы Айгүл Үлкенбаеваның шәкiрттерi — Нұргүл Қуандық, Ислам Сәрсенбек, Гауһар Поқат, Абылайхан Абдрахман, Әлi Солдатбай бiрiншi жүлдемен, Түрксiб ауданы Өнер үйiнiң мұғалiмi Тұрсынай Күдеринаның шәкiртi Аңсаған Бұсабаева – бiрiншi орын, Мөлдiр Қазыбек – Бас жүлде иегерлерi атанды.

«Бозторғай» Халықаралық конкурсы қоғамдық қорының директоры Қарлығаш Әбдiкәрiмованың айтуынша, қазақстандық өнерпаз балалардың өнерi бұл жолы да тыңдармандарының көңiлiнен шығып, жоғары бағаға ие болған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *