ТАБЫС ТАБУ ҮШІН НЕ ІСТЕМЕЙСІҢ?

Африка мемлекетіндегі Уганда билігі тосын шешім қабылдады. Олар елге саяхат­таушыларды көбірек тарту үшін елдегі тартымды әйелдерді туризм жұмысына белсенді қатыстыруға кірісті. Сөйтіп, елде сұлулық байқауы басталды. Оның нәтижесі жазда шығады. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы бойжеткендер қатысады.

– Әрине, бізде көзіңді алмай қарайтын әйелдер баршылық. Ал оларды туризмді дамыту үшін неге пайдаланбасқа, – дейді туризм министрі Г.Киванда.

Билік өз ойларына сенімді. Бұл шешім­нің елге туристерді тартуда нәтижелі бола­тынына, сондай-ақ, қазынаның қалтасы да қампаятынына және сенімді.

Туризм Уганданың басты табыс көзі. Былтыр осы сала бойынша 1,4 млрд. доллар табыс түскен. Туристер үшін мұндағы ұлттық парк, Нілді, тропикалық құстар мен аңдарды көру бір ғанибет.

Қ.ИМАН.   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *