ТАБЫС КIЛТI – IЗДЕНIСТЕ

«БОЛАШАҚ»

6Қанат ТӨСЕКБАЕВ, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес мүшесi, «Болашақ» түлектерi ассоциациясының мүшесi

Осыдан 20 жыл бұрын, дәлiрек айтсақ, 1993 жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешiмiмен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы қабылданды.

Елбасының мұндай шешiм қабылдауының маңызы зор болды, әйткенмен, жауапкершiлiгi де аса ауыр едi. Себебi, сол тұстары отандық бiлiм саласы тоқырап тұрды, ал жоғары оқу орындары болса, жаңа нарықтық талаптарды бүге-шiгесiне дейiн меңгерген мамандарды даярлауға дайын емес болатын. Ендi ғана егемендiк алған елге ертеңгi күнi ешкiмнен именбей, еңсесiн тiк ұстауы үшiн кеңес үкiметiнен қалған қасаң қағидаларды бiр шетке ысырып тастап, жаңа, даңғыл жолға бастайтын саналы, сауатты әрi жас, әрi бiлiктi кадрларды даярлау қажеттiгi даусыз едi.

Жасырары жоқ, жарты әлемдi жалмаған «қызыл қоғамның» улы идеялары мен қағидалары сол қоғамда өмiр сүрген қауымның ойлау қабiлетi мен сана-сезiмiне өзгерiс енгiзбей қоймады. Әлем индустриялық дамудан инновациялық өрлеуге көшкен тұста Кеңес үкiметiнiң қыспағынан сытылып шыққан 16 мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы тым төмен болатын. Аумалытөкпелi заманның өтпелi екендiгiн, аспанды торлаған қалың бұлттардың арасынан ертеңгi күнi-ақ күннiң көзi көрiнерiне сенiмдi болған Елбасының көрегендiгiне таңқалмасқа шараң жоқ. Мемлекет басшысы заманның беталысын бажайлап, болашағын болжай бiлдi. Қазiргi қолда бар техникалардың көнерiп, кеңестiк жүйеден қалған экономикалық заңдылықтардың ескiретiнiн, сондайда елдiң екiншi тынысын ашып, жаңа экономикалық дамуға жол көрсететiн кадрлардың қажет боларын iшкi түйсiгiмен сездi. Сол себептi де «Болашақ» бағдарламасының негiзiнде шетелдiк беткеұстар оқу орындарына қазақ жастарын бiлiм алуға жiберу керек» деген тәуекелi мол шешiм қабылдады. Бүгiнгi күнi бiз Елбасы түйсiгiнiң алдамағанына, сол бiр сындарлы кезеңде қабылданған шешiмнiң дұрыстығына куә болып отырмыз. Себебi, бiлiмге құйылған инвестиция, егерде ол жоспарлы, жүйелi түрде бағытталар болса, күндердiң бiр күнi өз жемiсiн берерi анық едi.

Жалпы, дүйiм дүниедегi бiрде-бiр мемлекетте дәл бiздiң мемлекеттегiдей бiлiм саласына көңiл бөлiнбейдi. Қазақстанда бiлiм саласы Елбасының да, Үкiметтiң назарынан да ешқашан ұмыт қалған емес. Айталық, Мемлекет басшысы өзiнiң әрбiр Жолдауында, маңызды мақалалары мен сұхбаттарында бiлiм саласын алдыңғы кезекте айтады. Осы бағытта бүтiндей елдiк ауқымды қамтыған мемлекеттiк бағдарламалардың қабылданғаны да өтiрiк емес. Қазiргi кезде елiмiз шет елдегi iргелi жоғары оқу орындарымен тығыз әрiптестiк байланыстар орнатып, бiлiм беру саласындағы озық тәжiрибенi Қазақстанға кеңiнен тартуды қолға алуда. Осы мақсатта Назарбаев университетi жанынан арнайы Бiлiм беру саясаты орталығы ашылғанынан хабардар боларсыздар. Сондай-ақ, жастар саясатындағы кемшiлiктер мен олқылықтар да бiрнеше мәрте мемлекеттiк деңгейде талқыланды. Мысалға, «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен сабақтасып жатқан «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» деп аталатын Доктринаның әлеуметтiк модернизация тармағында жастар саясатын жетiлдiруге бағытталған мiндеттер мен мақсаттар тайға таңба басқандай жазылған. Аса құнды құжатта жастардың мәселесiне ерекше назар аударылуы көп нәрсенi аңғартады. Ал «Қазақстан» Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға қазақстандық жастардың, оның iшiнде, «Болашақ» түлектерiнiң атсалысуы аса зор тарихи мәнге ие. Сапалы бiлiм алған, озық оқу орындарында оқып, ғылым, бiлiм саласында толайым тәжiрибе жинақтаған көзi ашық, көңiлi ояу жастар аталған бағдарламаның ел арасында кеңiнен насихатталуына орасан зор үлес қосары сөзсiз. «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқан 20 жылда медициналық салада бiлiктi мамандар даярлау iсi бiр сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл тегiн емес. Себебi, ұлт денсаулығы мемлекет болашағының кепiлi саналады. Медицина – жылма-жыл өзгерiп, түрленiп отыратын ғылым. Жыл сайын әлемде белгiлi бiр ауруды емдеудiң сан түрлi тәсiлдерi пайда болады. Бұл ретте, отандық медицина ғылымы аталған саладағы жаңашыл идеялар мен инновациялардан қалыс қалмауы тиiс.

«Болашақ» бағдарламасы бiлiктi дәрiгер болуды армандайтын жүздеген жасқа мұндай мүмкiндiк берiп отыр. Қазiргi күнi «болашақтықтар» өздерiнiң көрген-бiлген тәжiрибелерiмен бөлiспек мақсатта қазақстандық медицина мектебiн құруға ниеттенiп отырған жайы бар. Бұл бастаманың өз жемiсiн берерi даусыз. Денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру ең алдыңғы кезекте қызмет көрсету сапасын көтеру мен бiлiктi басқаруға тiкелей байланысты. Шетелдiк озық тәжiрибелермен танысқан, оларды жүзеге асырудың жолдарын жетiк бiлетiн «Болашақ» түлектерi бұл ретте отандық медицинаға инновациялар мен жаңа технологияларды кiрiктiре аларына сенiмдiмiн.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *