ТАҒЫ ЕКІ БАҒЫТТЫҢ АВТОБУСТАРЫ ЖАҢАРДЫ

Мегаполистегі №2 автобус паркі бейнебақылау камералары, пандустары бар «Yutong» маркалы төмен еденді автобустармен толықты. Жаңа автобустар №31, №81 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бұрнағы күні қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа автобустарды көріп қайтты.

№31 бағыт «Қазақфильм» ықшамауданы мен «Барлық» базары аралығында қатынайды. Бүгінде бұл бағыт бойынша 17 бірлік автобус қызмет көрсететін болды. Қожабеков көшесінен 71 разъезге дейін жүретін №81 бағытта 14 автобус бар.

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек қолма-қол төлемсіз жүйе мен субсидиялауды енгізу барысында нарықтық механизмнің қалыптасқанын, осының арқасында тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын жаңартуға қолжеткізгенін атап өтті. Қалада автобустарды жаңарту жұмысы одан әрі жалғасады. Жыл басынан бері мегаполис жолдарына 125 жаңа автобустар шықты. Биылғы жылы тағы 430-дан астам жаңа автобус алу жоспарланған, соның ішінде газбен жүретін төмен еденді 200 автобус бар.

Соңғы екі жылдың ішінде қаладағы автобус паркінің 80 пайызы жаңарды. Еліміздегі алғашқы BRT желісі жүзеге асып, каршэринг қызметі енгізілді. Сондай-ақ, метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, LRT жобасы қолға алынады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *