ТӘЖІРИБЕЛІ РЕФОРМАТОР

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр бола отырып, еліміздің іргесін нығайтуда маңызды рөл атқарды. 1999–2002 жылдары ол ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, еліміздің экономикасын жақсартты.

Тоқаев Премьер-Министр болған шағында экономика­мыздың хал-ахуалы тым нашар болатын. Әлбетте, Кеңес Ода­ғынан қалған зауыт- фабрикалар қаңырап қалған.

90-жыл­дардың соңына қарай ел эконо­мика­сының құрылымын қайта құру мақсатында жаңа реформаларды қабылдау керек болатын. Десек те, сол реформалардың арқа­сында еліміздегі жалпы ішкі өнім күрт төмендеп кетті.

Сонымен қатар, 1998 жылы Азия елдерінде дағдарыс бас­талды және тарихта «қара сейсенбі» деп аталған Ресейде экономикалық құлдырау орын алды. Рубль долларға қарағанда төмендеп кетті.

Қарап отырсақ, Қазақстан 90-жылдардың соңында эконо­микалық дағдарысты бастан кешірді. Саяси сарапшылардың пікірлерінше, Қазақ­станға жаңа деңгейге көшу үшін ұзақ жылдар талап етіледі.

Алайда,  сол  кезде  Тоқаев 46 жаста болған. Елбасының пікірінше, дәл осындай жастағы саясаткер мемле­кеттік маңызы бар шешімдерді дұрыс қабылдай алады.

Расында, өткен күндерге көз салатын болсақ, 2000 жылдан бастап еліміздің жалпы ішкі өнімі өсе бастады. Мәселен, ЖІӨ 1999 жылы 2,7% болса, 2000 жылы – 9,8%, 2001 жылы – 13,5%, ал 2002 жылы – 9,8% құрады.

Жалпы алғанда, Тоқаев пен оның орынбасарлары барлық тапсырмаларды орындады. Тоқаев бастаған үкімет Елба­сы­ның тапсырмасын орындау арқылы бұрынғы КСРО-ның бүкіл кеңістігінде бұрын-соңды болмаған екі өршіл стратегия­лық жобаны жүзеге асыра бас­тады. Біріншісі – астананы Ал­матыдан көшіріп, жаңа заманауи қаланы салу. Екіншісі – мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау және оның бірнеше онжыл­дыққа жалғыз мақсатқа бағын­уы. Егер сіз жобалардың әрқай­сысының масштабын есепке алмасаңыз, елдегі тиісті тәжірибенің жоқтығы оларды іске асыруда қиындықты тудырды.

Назарбаевтың басшылығы­мен 1999–2002 жылдары жаңа астанананың үлкен құрылысы басталды. Астана – мыңдаған крандармен бір ірі құрылыс алаңына айналды. Сол кезде егеменді Қазақстанның астана­сының символына айналған Бәйтерек қаланың жаңа ауда­нында бой көтерді.  Елордада 2001 жылдан бері «Астана – жаңа қала» арнайы экономи­калық аймағы іске қосылды, ол шет  ел инвестиция­ларын тартудың орталығы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан–2030» Стратегиясын іске асыруға елеулі үлес қосты. 1999–2002 жылдарға арналған бірқатар заңнамалық түзетулерді енгізу нәтижесінде стратегия­лық жоспарлаудың жаңа тә­сілдері негізінде мемлекеттік басқару жүйесі қайта құрылды.

Дегенмен де, мұндай ре­формаларды, қабылдап жатқан заңнамаларды «тарихи кезең» немесе «жаңа үрдіс» деп атасақ та, мұның барлығына өз септігін тигізіп отырған үкімет болды.

Үкімет елдегі инвестицияны дамыту үшін шетелдік инвес­торлармен қарым-қатынастарын нығайтты. Осының арқасында, ел эконо­микасы едәуір ны­ғайып, жаңа кезеңге көше бас­тады. Мұнда Тоқаевтың Сыртқы істер министрі болған шағын­дағы халықаралық тәжірибесі өте пайдалы болды. 2000 жылға қарай өз тәжірибе­сіне сүйене оты­рып, ел эконо­микасына 15 мил­лиардтан астам АҚШ долларын тартуға мүм­кіндік берді, ал Қазақстан өзі сенімді және табысты инвес­тициялық серіктес ретінде қалыптасты.

Тоқаевтың үкімет басшысы болған шағында мемлекеттік қызметкерлер, саяси және әкімшіліктерде жұмысшылар саны артты. Бір сөзбен айтқанда, мемлекетте бірқатар жұмыс орындары ашыла бастады. Со­нымен қатар, халықты әлеумет­тік қорғау жүйесі жетілдірілді. Үкімет халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды, кедей­шілікпен және жұмыссыз­дықпен күресу бағдарламасын іске асыруға бірнеше шараларды өткізді. Сол кезде республи­каның «біріккен» мемлекеттен жинақтаушы зейнетақы жүйе­сіне көшуі басталды (1998 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа Заң қабылданды).

Жалпы алғанда, Тоқаев Премьер-Министр болған ша­ғында Қазақстанның посткеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттік жүйе контурын қайта құрды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *