Түзету мекемесінде де тазалық шаралары күшейтілген

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматы қалалық ҚАЖД-ға қарасты ЛА-155/6 мекемесінде (сотталған жасөспірімдер колониясы) емдеу бөлімі де жұмыс істейді. Мұндағы мамандар жазасын өтеп жатқан балалардың денсаулығын қадағалап отырады.
Қазіргі таңда емдеу бөлімнің бастығы, эпидемиолог-дәрігер, әділет майоры Таласбаев Сейілхан Темірханұлы елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты мекемеде, оның ішінде жеке құрам қызметкерлері мен сотталған жасөспірімдер арасында сақтық шараларын күшейтті.
Мекемедегі барлық қызметкерге де, тәрбиеленіп жатқан балаларға да СОVID-2019 деп айдар тағылған вирустың аса қауіптілігі, сақтану жолдары ескертіліп, жеке бастың гигиенасын сақтау, барлық қорғану тәртіптерін орындау талап етілуде. Карантинге байланысты мұндағы қызметкерлер қызметтерін казармалық жағдайда, мекемеде атқарып жатыр.
Олар таңғы жұмыстарына кіріспес бұрын, өздерінің де, жасөспірімдердің де дене қызуын, денсаулығын күнделікті тексеріп отырады. Балалардың жататын орындары және ғимарат іші түгел кварцталады. Емдеу бөлімінің қызметкерлері мекеменің ауласына да күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
ЛА-155/6 мекемесінде бірінші кезекке тазалық пен тәртіп қатар қойылған. Сондықтан болар, бұл мекемеде қызметкерлер мен жасөспірімдер арасында әлемді әбігерге салып жатқан қауіпті індет тіркелген жоқ.
Осынау сын сағатта күні-түні кәрінің де, жастың да амандығын ойлап жүрген дәрігерлерге алғысымыз шексіз.
Біз біргеміз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *