Тұзды көп пайдалану қан қысымы жоғары адамдар үшін аса қауіпті

 

Өткен жылы 4632 түлек жұмысқа тұрды.

«Бизнес-кеңесші» жобасы аясында қалада 10 мекеме ашылды.

Алматының үлкен реконструкциясы аясында 585 аула жөндеуден өтеді.

Мәскеудегі «Белые Столбы» мемлекеттік фильмдер қорынан Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» атты  ең алғашқы көркемсурет фильмі табылды. Оның жоға­лу себебі, елімізде оның бірде-бір көшірмесі сақталмаған. Тіпті, оны арнайы мамандар да көрмепті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды.

Бурабай ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енуі мүмкін.

Елімізде 2067 соғыс ардагері бар. Оның 268-і Алматыда тұрады.

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктер тізімін жасайды.

Биыл Астанада жаңа 22 көше салынады.

Ақтөбеде жергілікті билік қаланы үш күн ішінде қоқыстан тазартамыз деп уәде берді.

Жыл сайын елімізде 20 мың түлек мейірбике мамандығын алып шығады.

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен көкпаршылар командасы құрылды.

Головкин кезекті жеңісі үшін 1 млн. доллар алады.

Елімізде 132 мың мейірбике жұмыс істейді.

Қытай әуежайларында шетелдіктерге саусақ іздерін тапсыру міндеттелді.

Тұзды көп пайдалану қан қысымы жоғары адамдар үшін аса қауіпті. Негізінен тұзды 6 грамнан артық пайдаланбаған жөн екен.

Астана экономикалық форумына барлық спикерлер келетін болды. Онда экономикалық драйверлер мәселесі талқыланады.

Үкіметте қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелері қаралды.

Сыр өңірінде жастарды қолдауға республика бойынша ең көп қаражат бөлінеді.

Ғалымдар ішімдіктің кез-келген түрі денсаулық үшін қауіпті екенін дәлелдеді.

Пекин сөзі «солтүстік астана» деген мағына береді.

«Сүю» сөзі ХІІІ ғасырдың аяғында пайда болды. Әуелде бұл сөз «денсаулық, тұтас болу» деген мағына берді. Кейінірек сәлем түрінде қолданылды да «еріннің емеурініне» ұласып, сүйісуге ұласқан.

Украинада миллионерлер саны 16 пайызға, яғни 559 адамға артты.

Армения парламенті Паниниянды премьер-министр етіп сайлады.

Алматыда «Ұлы дала елі» фестивалінің аламан бәйгесі жеңімпазы 5 млн. теңге олжалады.

Партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстан­дықтар 3,5 мыңға жетті.

ІІ дүниежүзілік соғысқа 40-қа жуық мемлекет қатысып, 60 млн.-дай адам қаза тапқан.

Құлпынай есте сақтау қабілетін жақсартады.

Астанадағы жаңа мешіт күн энергиясынан қуат алады.

Мақсат Қиқымов «Халық барысы» атанды.

Астанада пәтерді жалға беру 15 пайызға қымбаттады. Бұл ретте қымбат қалалар – Алматы, Астана, Ақтау.

Түркияда жаңа 20 университет ашылады.

Ғалымдар өсімдіктен жасалған дәрілердің ағзаға зияны да бар дейді.

Қазақстанда түсірілген фильмдер қосымша құн салығынан босатылады.

Д.Трамп «Ислам мемлекеті» бас лидерінің қолға түскенін мәлімдеді.

Тауық еті ас қорыту жүйесін, қан айналымын, жүрек жұмысын жақсартады.

Солтүстік Осетияда басбұзарлар Мәңгілік отқа кәуап пісірген.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close