Тұңғыш республикалық туризм жәрмеңкесі өтті

9l2qiscnstlg5ob72vf9p1k53n1zq8

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Менің Қазақстаным-2017» бірінші республикалық туризм жәрмеңкесі өтті.

Балнұр АХМЕТ

Аталған іс-шара Бүкіләлемдік экскурсовод күні мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандан­дырылған көрме аясында «Тұтынушылар үшін Бизнес» (В2С) форматында ұйым­дас­тырылды. «Тұтынушылар үшін Бизнес» (В2С) – жаңа форматтағы жоба ішкі және халықаралық ту­ризмді, сонымен қатар, іс-шара туризмі мен Қазақстандағы фран­чайзингті дамытуға үлес қосады. Ізгі шара «ҚазТОЦ Групп» ЖШС, Ал­маты қаласы мен Алматы облысының туристік бизнес өкілдерінің ұйым­дастыруымен, сондай-ақ,  Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және облыстық ақпарат орталықтары, сонымен қатар Алматы қаласының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қол­дауымен өткізілді.

Жобаға туристік компаниялар (ішкі және халықаралық туризм), лагерьлер, шипажайлар, демалыс орындары, мейрамханалар мен ка­фе­лер, қонақүйлер  мен хостелдер, фестиваль мен жәрмеңке ұйым­дас­тырушылары мен қолөнер­шілер қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан­ның барлық аймақтары­нан ішкі, халықаралық және іс-шара туризмінде жұмыс істейтін, сондай-ақ, қонақүй саласында қызмет көрсететін ком­пания­лармен, Қазақстандағы фран­чайзинг саласындағы кәсіпкерлер қатысты. Алматы қаласы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дирек­торы Юрий Тілеумұратов жоба­ның маңыздылығын айтты.

– Мемлекет басшысы тапсыр­ғандай, Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі – ту­ризмді дамыту басымдығын алға қойған. Айта кетерлі, бүгінгі таңда дүние жүзінде туризм саласына 7 пайыз инвестиция жасалады. Туризм саласы дүние­жүзілік жал­пы өнімнің 11 пайызын құрайды. Елімізде туризмнің дамуына үлкен ресурстар бар. Бұл жәрмеңке жобаға қатысушыларға  ынтымақ­тастық пен ыңғайлы жұмыс жасауға қолайлы алаң туғызады, – деді Алматы қаласы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дирек­торы Юрий Тілеумұратов.

Ізгі шара қонақтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет алып, туристік компаниялармен таны­сып, арнайы бағамен лагерьлерге, демалыс орындарына, шипа­жайларға жолдама және Алматы қаласы мен облысында өтетін мерекелік іс-шараларға билеттер алды.  Іс-шара аясында түрлі  ұтыс ойындары ойнатылып, қатысу­шыларға демеушілерден арнайы сыйлықтар дайындалды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *