«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ»

№26 жалпы білім беретін мектепте жалпырес­публикалық акция аясында «Тұңғыш Президент және Қазақстанның жетістіктері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Елбасының көрегендігі мен елдің қалыптасуына, дамуы мен нығаюына, оның бүкіл әлемге әйгілі болуына қосқан баға жетпес үлесі туралы кеңінен сөз болған ашық сабаққа «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, ақын Әнуарбек Әуелбек пен «Шаңырақ» ықшамауданының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан танымал азамат Қонысбай Дүйсенов қатысты. 11-сынып оқушылары – Насиба Сүйеуова Елбасының өмір жолымен, Маржан Жанатбекова ел мәдениетінің дамуымен, Айдана Сағыныш спорттағы жетістіктеріміз жөнінде, Қаламқас Барлықбаева «Қазақстан–2030», «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламалар туралы, Темірлан Айдар Қазақстан халқы Ассамблеясы жөнінде, Айбану Нұрқасы­мова дүниежүзілік дәстүрлі дінбасылар съезі мен дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы туралы, Айсұлу Құдайберген Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері жөнінде, Айгерім Құралбай әлеуметтік сала жөнінде, Мәди Айбай Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы орны туралы қысқаша баяндамалар жасады. Интерактивті тақта арқылы Елбасының өмір жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Ашық сабаққа қатысқан қонақтар Елбасының азаматтығы, даналығы, елдің өркендеп дамуына тигізген ерен еңбегі жөнінде жүрекжарды әңгімелерін айтып, оқушыларға Елбасы сияқты Отанын жанындай сүюге, нағыз патриот болуға шақырды.

Бұл ашық сабақтың ерекшелігі сол – кеш қонағы, ақын Әнуарбек Әуелбектің Елбасыға деген сүйіспеншілік пен құрметтен туған, жүрекжарды туындысы «Елбасы» әнінің тұңғыш рет тұсауы кесіліп, оны мектеп сахнасында Халықаралық байқаулардың жүлдегері 8 «и» сынып оқушысы Гүлзат Дүйсенбаева алғаш рет орындады. Сондай-ақ, сабақ барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшқоңыр» әнін 4-сынып оқушысы Мұратәлі Оспан, Бекболат Тілеухановтың «Елім дегендер» әнін 4-сынып оқушысы Ерасыл Дауытбай орындады.

Ашық сабақты ұйымдастырғандар – тарих және қоғам тану бірлестігінің жетекшісі Гүлбану Әлімқадырова мен тарих пәнінің мұғалімі Света Ишебаева. Ашық сабақтың соңында мектеп директоры Галия Сейтахметова сабақта белсен­ділік танытқан оқушыларға, кеш қонақтарына және сабақты жүргізуші, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Шабанбайқызына алғысын білдіріп, жұмыстарына, оқуларына сәттілік тіледі. Ашық сабақ мектептегі 122 сынып­тың барлығында жоғары дәрежеде өтті.

 

А.БАРАҚБАЕВ,

Г.КУШАЛИЕВА,

№26 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *