Тұңғыш Президент күніне арналған спорттық жарыс

2736Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің спорт залында Ал­малы ауданы әкімдігінің ұйым­дастыруымен 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті.

Рая ЕСКЕНДІР

Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Елбасының «Нұр­лы жол – болашаққа бастар жол» Жол­дауын на­сихаттау, 2017 жылы өтетін Универ­сиада, 2022 жылы Қыс­қы Олим­пиа­даны өткізу құрметіне ие болуға қолдау көрсетуге бағытталған спорттық додаға Алматы қала­сындағы барлық колледж ұжымдары белсене атсалысты.

Сонымен, «бұқа тартыс» бойынша бірінші орынға Алматы мемлекеттік колледжі, екінші орынға қалалық медицина колледжінің студенттері ие болды. Ал, «дартс» тартысында бірінші орынға Бизнес колледжі, екінші орынға Алматы мемлекеттік медицина кол­леджі, үшінші орынға индустриал­ды колледж ие болды.

«Тымақ ұру» сайысында ептілік танытқан лингвистика колледжі студенттері бірінші орынды, медицина колледжі екінші орынды алса, үшінші орын үздіксіз білім беру колледжінің студенттеріне бұйырды.

«Гір көтеру» сынына Рузуддиновтің стоматология колледжінің студенттері ғана төтеп бере алды, олар жарыстың бірінші орнын жеңіп алды. Ал екінші орынға Бизнес колледжі мен индустрия колледжі, үшінші орынға Транспорт және коммуникация колледжі мен Алматы технология және флористика колледжінің студенттері ие болды.

«Қол күресінен» бірінші орынға Алматы бизнес колледжі, екінші орынға Рузуддиновтің стоматология колледжі, үшінші орынға Индустрия колледжі студенттері лайықты болды.

Жарыстың тағы бір тартысты әрі қызықты өткен түрі, бұл – «Арқан тарту» болды. Бұл жолы да Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орын Алматы медицина колледжіне, үшінші орын Алматы транспорт және коммуникация колледжі студенттеріне бұйырды.

Жалпы командалық ұпай жағынан Алматы мемлекеттік бизнес колледжі бірінші орынға, Рузуддинов коллед­жінің студенттері екінші орынға ие болды. Үшінші орынға Алматы мемлекеттік медицина колледжінің студенттері ие болды. Ойын барысында болашақ мамандар білім алып қана қоймай, салауатты өмір салтын қалып­тастырып, спортты серік еткендіктерін көрсетті.

Ұлттық спорт додасына «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалы, «Береке» жылжымайтын мүлік агенттігі, қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, қалалық Спорт және денешынықтыру басқармасы жанындағы Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру денешынықтыру клубы қолдау көрсетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *