ТӘУЕЛСIЗДIКТI ТҰҒЫРЛЫ ЕТУ – елге де, ел тағдырын ойлаған ерге де сын

1Бүгiнде Тәуелсiздiк жайлы сөз бастау оңай емес. Ұлан байтақ атамекенiмiздiң әр тұтам жерiнде, оның басынан кешкен әрбiр мезетiнде бұдан 22 жыл бұрын қол жеткiзген тұғырлы Тәуелсiздiгiмiздiң телегей-теңiз шежiресi бар. Таяуда атамекен Қазақстанымыздың Тәуелсiздiк күнiн тойламақпыз. Бодандық құрсауынан шыққан жаңа Қазақстанның туған күнiн барша қазақ елi мемлекеттiк тұрғыда тойлайды. Бiз осыған орай бiрнеше қоғам қайраткерiн әңгiмеге тартып, сауалымызды жолдаған едiк.

Дәулетбек РАЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор:

Қазақстанның сенiмдi қадамы тұрақтылық пен прогрестi бейнелейдi

Бұл жылдарда жаңа саяси және құқықтық жүйенi қалыптастыру, әлемнiң дамыған елдерiнiң тәжiрибесiн есепке ала отырып, демократиялық институттар құру жөнiндегi табанды жұмыстар жүргiзiлдi. Сонымен қатар тарих пен тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекет құрудың шешушi кезеңдерiнде жүргiзiлген реформалардың сәттiлiгi көп жағдайда ұлтқа жетекшiлiк етушi тұлғаға байланысты болып келедi. Бұл ретте бiз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың орасан зор рөлiн атап айтуымыз керек. Бiздiң мемлекетiмiздiң одан арғы даму жолдарын белгiлейтiн маңызды шешiмдер қабылданған шақта бiр ғана дұрыс қабылданбаған шешiм болжап болмайтын жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкiн едi. Қиын жылдарда ел тiзгiнiн қолына алған Президентiмiз көптеген халықтар, оның iшiнде бiздiң жақын көршiлерiмiз тек армандай ғана алатын биiкке көтердi.

Еуразиялық құрлықтың орталығында, ұлы Сарыарқаның ортасында бiрнеше жыл iшiнде жаңа елорда – Астана бой көтердi. Қала күн сайын сәулет өнерiнiң отандық және шетелдiк шеберлердiң үздiк идеяларын өз көрiнiсiмен әйгiлеп, жаңғыра түсуде. Астана өзiнiң қайталанбас өрнегiмен, құрылыс қарқынымен Қазақстанның сенiмдi қадамын: тұрақтылық пен прогрестi бейнелеп келедi.

Елiмiзде «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзiмдi стратегиясының негiзiнде инновациялық-индустриялық Даму стратегиясын жүзеге асыру басталды. Мұның өзi өте мүдделi iстерге негiзделген және алғашқы нәтижесiн қазiрдiң өзiнде көрсеттi – экономиканы нақты диферсификациялау басталды. Осы жылдар аралығында ғана мыңдаған кәсiпорын қатарға қосылды және жаңғыртылды. Ал қайта өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны бiрiншi рет өндiрушi өнеркәсiптiң өсiмiнен асып түстi.

22 жылдық мерейтойымызды қарсы ала отырып, бiз, әрине, қол жеткiзiлген жетiстiгiмiзбен шектелейiк деп отырған жоқпыз. Бүгiнде Қазақстан өз дамуының жаңа сапалы кезеңiнде тұр. Бiз әлемдегi бәсекеге анағұрлым қабiлеттi 30 елдiң қатарына енудi мiндет етiп отырмыз. Президенттiң Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерiлген бастама экономиканың шикiзаттық емес секторын дамытуға басымдық беретiн инновациялық жобаларды ынталандыруға бағытталған, бұл өмiр сапасының көтерiлуiне әкелуге тиiстi. Осыған байланысты қойылған мiндеттердiң шешiмiн табуға әрбiр қазақстандық мүдделi деп бiлемiн. Бұл күн бәрiмiз үшiн ұлы мереке болуы тиiс.

Есен ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ, «Торғай Петролеум» акционерлiк қоғамының Бас директоры:

Жасампаз iстердiң жарқын белгiсi

Алғашқы ұстаз Ы.Алтынсарин кезiнде: «…Қазақ халқы азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы бiреу салып берген тар шеңбердiң қыспағына сыя алмайды» деп айтқан болатын.

Бұдан 22 жыл бұрынғы қиын-қыстау шақта егемен ел тiзгiнiн ұстаған Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақ мемлекетiн Тәуелсiздiкке жеткiздi, туған жерге құт әкелдi. Ғасырға бергiсiз 22 жылда жүрiп өткен жолымыз қаншалық ауыр болғанмен, сол Тәуелсiздiктi баянды ету елге де, ел тағдырын ойлаған ерге де соншалық сын едi.

Қазiргi таңда армандардың шындыққа айналған көрiнiсi – қол жеткен жетiстiктер. Нақтырақ айтар болсақ, жоғарыда аталғандардан басқа, бiз 22-ақ жылда ұлы жетiстiктерге қол жеткiздiк.

Ал еңдi осы Тәуелсiздiк алуымызбен бiрге, бүгiнде әлемдiк нарыққа сай қайта құрылып, жаңарған Қазақ- станның жаңа өмiр кезеңдерi, тiптi, керек десеңiз, жаңа тарихы жасалып жатқанын ашық айтуымыз керек. Бiз оны ешуақытта ұмытпауға, естен шығармауға тиiспiз. Бұл – ұлттық мақтанышымызға лайықты ұлағатты үлкен iс.

Тәуелсiздiк деген, жалпы дүниеде теңдесi жоқ, тәттi сөз. Бiрақ, оның оңайлықпен келмейтiнi түсiнiктi. Тек, XX ғасырдың 90-жылдары ғана әлемдегi алып империяның бiрi – Кеңес одағы ыдырап, тараған тұста, тұңғыш Президентiмiз Н.Назарбаевтың басшылығымен ежелден егемендiктi көксеген ата-бабаларымыздың сол арман-тiлегi, мақсат-мүддесi алғаш жүзеге асып, тәуелсiз Қазақстан мемлекетi құрылды. Мiне, содан берi де тура 22 жыл өтiптi. Қазiр тәуелсiз Қазақстан әлем танып, мойындаған саяси- экономикалық даму қуаты күштi iргелi мемлекетке айналды. Сондай-ақ, ел игiлiгiне, мемлекеттiгiмiздi нығайтуға қатысты қыруар келелi iстер атқарылуда. Ең бастысы, қазақ сахарасының төрiнде Тәуелсiздiктiң нышанындай болып елордасы – Астана қаласы бой түзедi. Биыл сол әлем назарын өзiне аударған ерекше архитектуралық әсем үлгiдегi әрi саяси-экономикалық, мәдени әлеуетi күштi шаһардың он бес жылдық мерейтойын барша қазақстандық атап өттi. Астана қаласы жаңа ғасырдағы жаңғырған Қазақстанның, тәуелсiз мемлекетiмiздiң жасампаздық iстерiнiң жарқын белгiсiндей болып тарихта мәңгiлiкке қала бермек. Тәуелсiз ел атанған осы 22 жылдық тарихымызда талай-талай қиындықтарды бастан өткердi.

2009 жылы Астанада ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ елiнiң азаттық алған күнiне арналған салтанатты жиын өттi. Тәуелсiздiк күнiне орайластырылған шарада Мемлекет басшысы осының бәрi Тәуелсiздiктiң арқасы екендiгiн қадап айта келiп: «Баршаңызды елiмiздiң ұлық мерекесi – Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiмен шын жүректен құттықтауға рұқсат етiңiздерө Иә, бұл мереке ұлық мереке, шын мәнiндегi ұлы мереке, – дедi Президент. – Ежелден еркiндiк аңсаған ер қазақтың ең асыл мұраты – еңселi ел болу едi. Елiм деп еңiреген ақындарымыз «Егемен болмай, ел болмас, етектен кесiп жең болмас» деп жырлайтын едi. Арғы замандарды айтпағанның өзiнде, тек кейiнгi екi ғасырдың iшiнде халқымыздың өз бостандығы жолында екi жүзден астам ұлт-азаттық көтерiлiстерге шыққаны осының дәлелi. Мұнан 22 жыл бұрын Қазақ жерiнде атқан Тәуелсiздiк таңы Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан мына дарқан даланың төсiн қанымен, терiмен суарған ата-бабаларымыздың қасиеттi күресiнiң заңды жемiсi, нақты нәтижесi деймiз.

Тәуелсiздiктi жария еткен Конституциялық Заңға қол қойған күннiң ертеңiндегi, 17 желтоқсандағы митингiде сөйлеген сөзiмде: «Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шындап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да – өз қолымызда. Тарих көшi ұзақ. Асықсақ та, аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенемiн» деген едiм. Сол айтқаным келдi!» – дедi Елбасы кiрiспе сөзiнде.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 22 жылдың iшiнде бұрын-соңды тарихымызда болмаған 200 жылға татитын тарихи оқиғалар болды.

Елiмiзде 22 жыл салтанат құрып келе жатқан Тәуелсiздiктiң құны да, сапасы да ешқандай бағамен өлшенбейдi. Бiз толыққанды мемлекетпiз. Дүниежүзiлiк кауымдастықтың белсендi мүшесi болып ендiк. Қол жеткiзген жетiстiгiмiз –Тәуелсiздiгiмiздiң нығаюы.

Данат ЖАНАТАЕВ, «Парасат» кәсiподақ ұйымының төрағасы, профессор:

Бiздiң мақсат-мұратымыз – Тәуелсiздiгiмiздi бұдан да тұғырлы етуге үлес қосу

Ең алдымен экономикалық дағдарыстан шығуға, халқымыздың ертеңгi күнге деген сенiмi мен үмiтiн орнықтыруға барынша күш жұмсалды. Ел дамуының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағытын Президентiмiз экономикадағы нарықтық қатынастарды орнатумен сабақтастыра бiлдi. Елбасы мемлекет, қоғам қайраткерлерiнiң, халықтың, саясаткерлердiң, яки тұтас қоғамның назарын қызба, орынсыз алауыздықтан бойды аулақ салудың Тәуелсiздiгiмiз үшiн маңызы өлшеусiз екендiгiне аударды. Сөйтiп, сан ұлтты ел iшiндегi ынтымақ пен бiрлiк сақталды.

Тәуелсiз Қазақстанның ұзақ мерзiмдi басым бағыттары мен оларды iске асыру стратегиялары Елбасымыздың 1997 жылғы халқымызға арнаған дәстүрлi «Қазақстан – 2030» қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында жан-жақты айқындалды. Онда бiздiң мұратымызды тұрақты, гүлденген мемлекетке айналдыру көзделдi. «Қазақстан – 2030» Стратегиясының негiзгi қорытындылары шығарылды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – келешегiмiздiң кемел де кемеңгер жоспары. Бұл бүкiл қазақстандықтардың жүрегiнен жол тапқан жаңашыл, тұжырымды Жолдау болды. Президенттiң жыл сайынғы Жолдауларының арасында бiр-бiрiмен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да елiмiздiң 2050 жылға дейiнгi Даму стратегиясына, Қазақстанның жаңа саяси бағытына келiп тоғысқандай.

Елбасы Жолдауда атап өткендей, бүгiн өзiндiк бет-бейнесi бар, өзiндiк ерекшелiктерi мен өзiндiк ұстанымы бар табысты мемлекетпiз». 2050 жылға дейiнгi кезеңдi қамтыған Жолдаудың әрбiр бағытында айтылған тапсырмаларды орындау – әрбiр Қазақстан азаматының мiндетi. Елiмiз қазiр тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтерiлiп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ұлттығымыздың ұлы шаңырағы – Астананың қарыштап дамуы, өркендеуi Қазақстанның мәртебесiн асқақтатып отыр,

Тәуелсiздiк бүкiл ата-бабаларымыздың асқақтаған армандары, сол үшiн қазақ даласында болған бiрнеше қуғын-сүргiндер, сексен алтының желтоқсанындағы бiздiң жастарымыздың алаңға шығып көрсеткен ерлiгi – оның оңайлықпен келмегендiгiнiң үлкен дәлелi. Тәуелсiздiктiң арқасында ынтымағымыз бен бiрлiгiмiз жарасып, керегесi кең елге айналдық. Елiмнiң қай қиырында еңбек етсем де менiң негiзгi мақсатым – «болашаққа деген үкiлi үмiтiмiздiң тiрегi», «тәуелсiз Қазақ елiнiң перзенттерi», елiмiздiң ертеңi болашақ ұрпақты бiлiмдi етiп тәрбиелеу.

«Мен XXI ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемiн. Бұл бейбiтшiлiктiң, тұрақтылық пен гүлденудiң ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесi атануға лайық… Мәңгiлiк Ел болу жолындағы ұлы iстерiмiз жаңа дәуiрлерге жол ашсынө» – деген Президентiмiздiң оптимистiк рухтағы сөздерi бәрiмiзге үлкен серпiн бердi.

Мәңгiлiк Ел болудың жаңа межесiн белгiлеген бұл құжат келешегiмiздiң кемелдiлiгiне көз жеткiзгендей.

Бiздiң алдағы кезеңдегi мақсат-мұратымыз – Тәуелсiздiгiмiздi бұдан да тұғырлы етуге барынша үлес қосу. Бәрiнен бұрын егемен ел мүддесiн жоғары ұстап, ақыл-парасатымыз бен қажыр-қайратымызды жаңару мен кемелдену жолына жұмылдыру. Бүгiнгi қол жеткен жетiстiктерiмiз болашаққа бағытталған тың iстерге жол ашпақ.

Сауалнаманы жүргiзген – Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *