ТӘУЕЛСIЗДIК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРI

Ардақ НҰРҒАЗЫҰЛЫ

Қазақ тарихында елдi-жердi қорғаған есiл ерлердiң қиналғанда қасынан табылған серiгi, қиын шақтарда қолтығынан сүйеп, демеу болған досы, отбасының берекесi, ауыл-аймақтың киесi саналған аналар аз болмаған. Әсiресе, қазақ елi Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдарда заманның жүгiн еш iркiлместен қасқая көтерiп, берiсi әрбiр отбасының уығының нық шаншылуына, арысы ел iргесiнiң ертерек бекемделуiне өлшеусiз үлес қосқандар да бiздiң аналарымыз.

Биыл қазақ үшiн тарихи жыл. Қазақстан Тәуелсiздiгiне 20 жыл толып отыр. Өткен жиырма жылда экономикамызда, әлеуметтiк өмiрiмiзде түбiрлi өзгерiстер орын алды. Қазақ елi бұл мерейтойды өткенге үңiлiп, болашаққа бет түзеу игi ұстанымымен қарсы алуға дайындалып жатыр.

Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнде Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына орай «Тәуелсiздiк және қазақтың қайраткер қыздары» деген тақырыппен республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Iс-шараға елiмiздiң жетекшi жоғары оқу орындары менғылыми  зерттеу орындарының өкiлдерi, ғалымдар, зиялы қауым мен қазақтың өнер, бiлiм, ғылым, мәдениет және т.б. салаларда көзге түскен көрнектi қыздарына қатысты зерттеу еңбектер жазған тұлғалар қатысты. Конференцияны Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, «Парасат» орденiнiң иегерi, қазақтың қайраткер қызы Шәмша Беркiмбаева ашты.

Конференцияда Тәуелсiздiктен бастау алған гендерлiк саясат, қоғам және әйелдер, мәдени мұра — даланың дана қыздары, қазақ қыздары ғылым және инновациялық даму жолында, «Қазақ аруы» және ұлттық тәрбие мәселелерi сияқты өзектi мәселелер сөз болды.  Конференцияда К.Құнантаева, Ж.Тiлепов, Айгүл Iсiмақова бастаған зерттеушiлер Тәуелсiздiк жылдарындағы қазақ әйелiнiң  еңбегiн жан-жақты қарастырған баяндамалар жасады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *