Тәуелсіз Қазақстанның Шығыстағы бет-бейнесі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінде «Тәуелсіз Қазақ­станның Шығыс шет  елдеріндегі бейнесі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Негізгі мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­сындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында Шығыс шет елдеріндегі Қазақ­станның қазіргі заманғы трансформа­циялануының жай-күйі мен болашағын анықтау.

Конференция жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев, Қазақстан Республикасындағы Египет Араб Республикасы елшілігі жанындағы мәдениет және білім беру істері орталығының директоры, мәдениет және білім беру жөніндегі атташе Ибрагим Хемдан, Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан, шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев, сонымен қатар, белгілі шығыстанушы ғалымдар, филологтар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар, Қазақстан мен алыс және жақын шет ел мемле­кеттерінің қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Шығыспен экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюы нәтижесінде соңғы онжылдықта елімізде шығыс тілдеріне қызығушылық артқан.  Қазақстан және Шығыс елдерінің ортақ қызығушылығы тіл мен мәдениет мәселесі болған­дықтан,  бұл конференцияда талқыланатын тақырып­тардың еліміздегі тіл мен мәдениет дамуының кең ауқымды мәселелерін шешуге бағытталып отыр.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Таяу Шығыстағы елдермен рухани қарым-қатынастары, Түркиядағы қазақ тілін үйрену жайы, қазақ-әзербайжан тілдерінің өзара байланысы, Шығыс елдерінде Қазақстанның рухани құндылық­тарын насихаттау, қазақ мәдениетін Шығыс шет  ел­дерінде таныту құралы ретінде аудару мәселесі талқыланды.

 

Римма ЖАНБАЕВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *