Тәубе — күнә мен қателiктен сақтану

Исламда астамшылықты, астатөктiктi, асыра сiлтеушiлiктi, ысырапшылдықты, менмендiктi, тәкаппарлықты, асығыстықты және бойкүйездiктi иманға жат әрекет деп ұғындырады. Олардан бойды аулақ салуға шақырады. Адамды қателiктерге бастайтын, күнә жасауға итермелейтiн, қиындықтарға душар ететiн осындай қылықтар.

Мiнездi олардан ада қылатын сенiмдi күш — сабыр. Өркөкiрек мiнез-құлыктардан арылудың тағы да бiр жолы — тәубеге келу. Азға да, көпке де шүкiршiлiк ету. Тәубе — тақуалықтың түп-төркiнi. Исламды зерттеп, зерделеген ғұлама Әбу Хурайра тақуалықтың не екенiн бiлгiсi келген бiр     адамға:  «Сiз өмiрiңiзде тiкендi жолдан өтiп пе едiнiз? — деп сүрайды. Ол: «Иә» дейдi. «Олай болса сол жерден өткенде не iстедiңiз?» —   дейдi.   «Тiкендерден   сақтанып   өттiм»,   —   дейдi.   Сонда   ғұлама: «Тақуалық та дәл солай, әркез күнә мен қателiктерден сақтану», — деп жауап берiптi.

Ислам дiнiнде өзiндiк орны мен қадыр-қасиетi бар төрт мазһап жетекшiлерiнiң алғашқысы, қалғандарынан жасы да жолы да үлкенi Имам Ағзамның өсиеттерiнде тәубеге келуге шақыратын, астамшылық пен менмендiктен аулақ болуға үндейтiн даналық сөздер өте көп ұшырасады. Солардың бiр қатары былай болып келедi:

— Кiсiнiң шынайы мұсылмандылығы өзгенiң iсiне килiкпеу.

— Өзiне      тiлегеңдi      өзгеге      де      тiлемейiнше,      кәмiл      иманға жетпейсiң.

— Халал да, харам да ашық айтылған. Алайда олардың арасында күмәндi нәрселер де бар. Көпшiлiк оны бiле бермейдi. Одан бойын аулақ ұстаған пенде дiнi мен абыройын қорғайды. Күмәндi iстерден сақтанбаған кiсi харамға өтiп кетуi айдан анық. Мұндай кiсi рұқсат етiлмеген қорық маңында малын жайып жүрген шопан iспеттi. Оған, кез-келген сәтте оның малы қорыққа өтiп кетуi мүмкiн. Барлық патшалардың тыйым салған үкiмдерi болғаны сияқты, Алланың да тыйым салған үкiмдерi бар. Ол — Алланың харам еткен iстерi. Денеде бiр кесек ет бар, ол аман болса дене де аман, ал сырқаттанса дене де сырқат, ол жүрек.

—Кiсiге сөзiмен де, iсiмен де зиян тигiзбейтiн мұсылман — шынайы мұсылман.

—Денiң сау, басың аман күндерде де үнемi қорқу мен үмiт арасында жүр.

– Алла-тағала туралы ойың жақсы, ниетiң шынайы болсын, iзгi үмiтпен дүние сал.

Алланың адал құлы боламын дегендердiң бұл нақыл сөздер үнемi жадында жүргенi абзал.

«Қала және иманды» әзiрлеген Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *