Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жұмыспен қамту орталы­ғының мамандары қылмыс­тық атқару жүйесінің ЛА155/6 мекемесіне барды.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің ЛА 155/6 мекемесінде Халықты жұ­мыспен қамту орталығының ма­мандары «Еңбек» нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдар­ламасын түсіндіру бойынша ақпаратты-кеңес беру жұмыс­тарын жүргізді. Бағдарлама ая­сында шағын кә­сіпкерлікті дамы­ту мәселелері бойынша «Ата­мекен» кәсіпкерлер палата­сының өкілі айтып берді.

Кездесу барысында Жұмыс­пен қамту орталығының маман­дары сотталғандарды жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібін, тіркеуге тұру рәсімі туралы, тіркеуге тұрғаннан кейінгі азаматтардың міндеттері туралы, кәсіптік білім алудың және босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасудың мүмкіндік­тері туралы түсіндірді.  Жұмыс іздеудің ере­желері мен еңбек нарығындағы, әсіресе, қажетті мамандықтармен, әлеу­меттік төлемдердің түрлері мен мөлшері туралы және азамат­тарды жұмыс­пен қамтудағы құқықтары­мен танысты.

Іс-шараға түзеу колония­сынан жазасын өтеп шыққан 14 пен 21 жас аралығындағы 55 сотталушы қатысты.

Босап шығар алдында сот­талғандар қала бойынша ғана емес, республика бойынша да еңбек нарығының жағдайы ту­ралы толық және өзекті ақпа­ратты алуы маңыз­ды. Сондықтан да Халықты жұмыс­пен қамту орталығының өкілдері­мен меке­меде тоқсан сайын кездесу өткізу керек.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесу кезінде кәсіптік білім алу мәселелері, еңбек заңнамалары, Жұмыспен қамту орталығына тіркелу тәртібі, бас бостанды­ғынан айырылған орындардан шығып келген азаматтарды жұ­мыспен қамтуға қандай мүмкіндік бар және жазасын өтеп келгеннен кейінгі кезеңде пайда болған, әлеуметтік салдарларды төмен­детуге бағыт­талған алдын алу шаралары сотталғандарды қызық­тырды.

Іс-шараның соңында соттал­ғандарға Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту ор­талығының жұмыс беру­шілері  бос лауазым­дар­  туралы мәлімет­тер ұсынды.  Соттал­ғандар өздерін тол­ған­дырып жүрген сұрақтарға толық жауап­тар алды. Іс-шара соңында Орта­лық өкілдері қажетті ақпараттары бар ақпа­раттық бук­леттерді сотталу­шыларға таратып берді.

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы маман­дары оларға бостандыққа шыққан кезде,  жұмысқа орналасуға қол­дау көрсетеді.

 

Жәния ТҰРҒЫНОВА,

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының Кәсіптік бағдар беру бөлімінің маманы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *