ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ ТАСТАЯҚ ТУРНИРІ

Полиция қызметкерлерінің арасында бильярдтан турнир өтті

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Учаскелік уәкілетті полиция» және «Қазақстан Жол полициясының құрылған күніне» орай бильярдтан турнир өтті. Турнирге әр ықшамауданның полиция қызметкерлерінен жалпы саны 15 тәртіп сақшысы қатысты.

Турнирдің өтуіне «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қазақстандық Әзербайжан қауым­дастығы төрағасының орынбасары Вугар Алескеров демеушілік жасады. В.Алес­керов  Алатау ауданында «Нұр Отан» партиясы бастамасымен өткізілетін түрлі іс-шаралардың тұрақты қолдаушысы.

Тұрғындар тыныштығына жауапты тәртіп сақшылары арасында осындай салауаттылық іс-шарасы да полиция қызметкерлерінің бір уақыт демалулары үшін жасалған мүмкіндік болды.

Тастаяқ турнирін ашып берген «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхан­қали Алмасаев атаулы мерекемен барша қызметкерлерді құттықтап, аудан көле­мінде қызметін жақсы атқарып жүрген бірнеше полиция қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Қолдарына кий таяғын ұстаған полиция қызметкерлері бильярд үстелінде салмақты сайыстар көрсетті. Турнир қорытын­дысында жеңімпаздарға кубок, мақтау қағаздары тапсырылды.

Қордай ЕСЕНБАЙ,

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *