ТӨРТ ШЫРАҚ

Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды және бірте-бірте еріп, таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр әңгімелері естіліп жатты.

Біріншісі айтты: «Мен – САБЫР­МЫН. Мені адамдар бағаламайды, бойында сақтамайды. Менде сөнуден басқа жол қалған жоқ!». Бұл шырақ­тағы от сөніп қалды…

Екіншісі айтты: «Мен – СЕНІМ­МІН. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнуден басқа жол қалған жоқ!». Осылайша екінші шырақ та сөнді…

Үшіншісі айтты: «Мен – МАХАББАТПЫН. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені бағаламайды және түсінбейді. Олар өздері үшін жанын беруге дайын жақын адамдарын жек көреді». Көп күттірмей үшінші шырақ та сөнді…

Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол, қорқы­ныштан:

– Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын! – деп айқайлады. Көзіне жас алып қалды…

Осы сөздерден толқып кеткен төртінші шырақ былай деді: «Қорық­па және жылама! Мен жанып тұр­ғанымда, ол үшеуін әлі көп тұтан­дырамын. Мен – ҮМІТПІН!».

Шынында да, ең соңғы өлетін – үміт…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *