Төрт мың төрт жүз бала шаңғыға тұрды

Шаңғымен сырғанауды тегін үйрету сабақтары аяқталды  

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдар­ламасы  бойынша шаңғымен сырғанауды тегін үйрету сабақтары аяқталды. «Пионер» мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курорттарында сырғанауды үйреніп жүргендердін соңғы жаттығулары өтті. Бағдарлама жылдың басында іске қосылған болатын.

Қазіргі таңда 5200 деп жоспарланған балалар мен жасөспірімдердің 4400-і шаңғыда тұрып, таудан дұрыс түсу, бұрылу, тоқтау секілді техникаларын меңгерген. Енді қалған 800 адам 2018 жылдың желтоқсан айына жазылып, жаттығуды жалғастыра алады.

Айта кету керек, тәжірибелі нұсқау­шылар 6—17 жас аралығындағы кез-келген балалар мен жасөспірімдерді Шымбұлақ (9—12 жас), Пионер (мүмкіндігі шектеулі жандар) және Звездная поляна (6—17 жас) сынды сырғанақ алаңдарында сабақ өткізген болатын.

Барлық қатысушыларға арналған төрт сабақ ішінде балалар өз шеберліктерін шыңдап, қатысқаны үшін медаль және сертификаттармен марапатталды.

– Бұл жерде жаттықтырушылар өте керемет. Осы бағдарлама ұйымдастырушы­ларына алғысым шексіз. Шымбұлақ өте әдемі жер, маған қатты ұнады. Шаңғымен дұрыс сырғанап, қалай құлау керектігін үйрендім, – деді қатысушылардың бірі Айдос Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *