Түрмеден кейін де өмір бар

Еліміздегі барлық қылмыстық атқару жүйелерінде жазаларын өтеп,  бостандық­қа шығатын азаматтардың әрі қарайғы өмірінің жақсы болуына тигізер пайдасы мол іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Осындай дәстүрлі іс-шаралардың бірі, нақтырақ айтсақ, ҚАЖК Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінің тәрбие бөлімі ұйымдастырған «Қақпа алдындағы кезде­су» әлеуметтік жобасы шеңберіндегі тағы­лымды мерекелік іс-шара өз дең­гейінде атап өтілді. Бұл жоба Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің  2016 жылғы 8 жел­тоқсандағы Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы 2017–2019 жылдардағы пробация қызметінде есепте тұратын және  жаза өтеу орнынан босаты­латын азаматтарды әлеуметтік бейімдеу кешенді стратегиясының негізінде құрыл­ған.

«Қақпа алдындағы кездесу» жоба­сының мақсаты – істі болған адамның жазасын өтеу орнынан босап шығатын күнінен бастап, оның қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделуіне жағдайлар туғызуға, сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету және алдағы уақыттағы жұмысқа орналасуына көмектесу үшін атқарушы және өкіметтік емес ұйымдар­мен өзара қарым-қатынас орнату.

Бұл кездесуге Алматы қаласы бойын­ша әлеуметтік басқармасының басшысы Гүлсара Мәдибекова және «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының директоры Роза Бекеева қатысты.

– Өмірде аяғын шалыс басып, кейін өкінген жандарға түсіністікпен қарап, оларға салауатты өмір салтын насихаттап, белгілі бір кәсіпті меңгеріп, мамандық алуына, жұмысқа орналасуына көмекте­сіп, әрі қарай түзу жолға түсуіне ықпал ету – әрқайсымыздың міндетіміз, – деді Г.Мәдибекова.

Сонымен қатар, бұл жоба жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдетілген түрге ауыстыруға жататын А.Жансерік және С.Шегай сынды  сотталған жандарға қатысты болғандықтан, оларға бұл кезде­судің көп ой салғаны, демеу, көмек бер­гені анық.

Іс-шараның соңында барлық соттал­ған адамдарға  Алматы қаласы бойынша Жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсе­тілген жадынама таратылды.

 

Б.НАМАЗОВА,

 САТЖБ бастығы, әділет майоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *