ТӨРЛЕТ, ТЫШҚАН, ЖЫЛ БАСЫ!

Қазақ тышқан жылын береке мен ырыс, татулық пен тыныштық жылы деп есептейді. Тарихқа көз салсақ, Тышқан жылында ұзақ жылдар бойына қиыншылық, жаугершілік, аштық  болмаған.

Күндіз-түні тыным таппай тіршілігін қамдап жүрген  осы бір кішкeнe ғана жәндік тышқaн жыл caнayдың жәнe жыл қaйыpyдың бacындa  тұр. Тaлaй жылдың тayқымeті мен қызығын бacынaн өткізгeн xaлқымыз әp жылға өзіне лaйық бaғa бepіп, қауіптісінен сақтандырып отырған. Тышқaн жылын жұpтшылық мoлшылық пeн бepeкeнің, бeйбітшілік пeн тыныштықтың жылы дeп caнaғaн.

Шындығындa, мыңдaғaн жылдap тapиxындa тышқaн тоғысындa жұт жүpмeгeн, aшapшылық, жayгepшілік бoлмaғaн eкeн.

Бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазып жүр.

Ежелгі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсанда, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап тойлаған. Шыршаны үйлеріне әкеліпті-міс. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты-мыс. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін» деп ән салыпты-мыс. Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» кітабында жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І-Петр патшадан да әріде болғаны, түркілердің де өз дәуірінде бұл мейрамды тойлағаны баяндалады. Кітаптың «Шыршалар мерекесі» тарауында бұл ойын нақты  мысалдарман айқындайды. Жаңа жылды қақаған  қаңтарда қарсы алу – І- Петрден келе жатқан әдет. Ресейде жаңаша жыл санау да сол мезгілден басталса керек.

Тышқандар (лат. Mus) – ұсақ кеміргіштер тұқымдасы. Дене ұзындығы 12,5 см. дейін, құйрығы, 10,5 см. Тышқандардың пайда болған жері негізінен – Азия, кейбір түрлері бүкіл дүние жүзіне таралған. Африкада (Сахараны есептемегенде), Еура­зияда, Малай архипелагының кейбір аралдарында, Филиппинде 40 түрі таралған. Бірқатар түрлері – синантропты ТМД-да, космополотитті синантропты 1 түрі, үй тышқаны, жабайы табиғатта үнемі өмір сүретін 2-3 түрі бар. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және жәндіктермен қоректенеді, түнде белсенді. Оңтүстік аудандарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді.

Әлемнің ондаған мемлекетінде, соның ішінде егемен Қазақстанда өp жыл 21 нaypыз күні aяқтaлып, жaңa жыл 22 нaypыздaн бacтaлып eceптeлeді.

Ен байлықтың  сырласы,

Төрлет, Тышқан, жыл басы.

Жасын көлдей ағызған –

Қазақты құтқар қарыздан!

деген үмітті тілекпен  әңгімемізді аяқтаймыз.

 

Тышқан жылы туғандарға кеңес

Жыл бойына жағымсыз және шиеленісті жағдайларға жиі тап болады. Тіпті көпшіл, ақкөңіл, жайдары жан болсаңыз да, дау-дамайдың ортасына түсіп қала беретін боласыз. Әсіресе, әйелдер жағы тіліне абай болғаны жөн.

Жылдың басында қаржылық жағынан қиналуыңыз мүмкін. Сондықтан ешкімге қарыз бермеңіз, қайтарып ала алмай қаласыз. Алаяқтық  істерге араласпаңыз, ешқандай пайда көрмейсіз.

Жаз айларын аурухана төсегінде өткізгіңіз келмесе, аурудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіріңіз. Шаршағаныңызды сезсеңіз, уақытылы демалыңыз.

Күзде жеке өміріңізде бір жаңалық болып қалуы мүмкін. «Қызметтестер хикаясы» басталуы да ғажап емес. Ал отбасылы тышқандар шетте көңіл көтеруді ойға алмағаны жөн, әйтпесе шаңырағы шайқалуы анық.

Жылдың соңына қарай бәрі орын-орнына келіп, қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Бар дертіңізден толық айығып, отбасында да мамыражай тыныштық орнайды.

 

Тышқан жылы туғандар байып кетеді

2020 – Тышқан жылы туғандар үшін сәтті болмақ. Ең бастысы, ойлаған мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Табандылық танытып, әрбір іске сабырлылықпен қараңыз. Ойыңызды жүйелеп, жақсылыққа нық сеніммен қарасаңыз, Тышқан жылы жағымды жаңалықтарымен қуантпақ. Ойдың тартылыс заңы туралы естен шығармаңыз. Жағымсыз ойдан аулақ болыңыз. Әрбір қиындықтың астарынан жақсылық көруге тырысыңыз. Себебі, жолыққан ауыртпалықтың барлығын жеңуге сіздің күш-қайратыңыз жетеді.

Денсаулық

Денсаулығыңыз сыр береді. Сондықтан алдын алу үшін дәрумендер қабылдап, күтініп жүрген абзал. Әсіресе, көп қоз­ғалуға, күнге жиі шығуға тырысыңыз. Се­бебі, жаңа жылда бойыңыздағы D дәру­менінің деңгейі төмен­дейді. Сондықтан бойыңызды күйзеліс билеуі мүмкін. Тамақтануға да мән беріңіз.

 

Қаржы

Биыл сіз үшін маңызды ұстанымның бірі – үнемділік болмақ. Сондай-ақ, келе­шегіне сенімсіз қараған кәсіпке ақша салмаңыз. Қаражат мәселесінде сізге ішкі интуиция көмектеседі. Ойда жүрген жаңа идеяларды осы жылда жүзеге асыруға асығыңыз.

 

Мансап

Жұмыста төзімділік танытуға тура келеді. Себебі, асығыс шешімнің соңы келеңсіздікке апарады. Дегенмен, жылдың басы қиын болғанмен, соңы тәтті болады. Кәсіби шебер­лігіңізбен ұйымдастыру­шылық қасиетіңіз жоғары бағаланатын болады. Ең бастысы, тынбай еңбектену керек. Сондай-ақ, ұжым мүшелерімен түсініспеушілік орын алады.

 

Отбасы

Бұл жыл шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған тышқандар үшін сәтті жыл болады. Ал жақында ғашығынан айырылыс­қандар үшін Тышқан жылы жаңа мүмкіндік береді. Ұнататын адамыңызға қамқор болып, қуанышқа бөленесіз. Осы жылы туысы­ңыздың ішінен бір адам танымалдылыққа ие болып, ерекшеленеді.

 

Астролог мамандар айтады:

«Тышқан жылы туғандардың мінезі тік, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілікке ие. Ал жаман қасиеттері – қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсық…».

«Әділ, кең пейілді, жомарт жүректі және өз-өзін басқара біледі. Әркіммен тіл табыса білетін қасиетінің арқасында таныстары жетерлік. Бірақ нағыз досқа мұқтаж. Ақыл-ой жағынан алып бара жатқан ерекшелігі болма­ғанымен, алға қойған мақсатына жетпей тынбай­тынына көпшілік тәнті. Үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш. Олардан жақсы саудагер, жазушы, сыншы және публицист шығуы мүмкін».

 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  5 ғасыр бұрын жазылған «Шипагерлік баян» кітабында Сумақы (тышқан) жылы туғандар туралы былай депті:

«Мүшелдік жыл сумақыда жымысқы қулық, күндіз үйкүшік, әшкере харакеті аз, түнде жасырмалы харакеті көп, суыққолдылығымен қарақшылық жегіштігі мол, дәулет жиғыштығы күшті. Әлдіден қорыққыш, әлсізді басынғыш, һалал, һарам шикілі-пысылы талғаусыз жегені ас болатын, өсексіз болса да ұластырмалы айласымен елді шулатқыш, қырқыстырғыш. Ар-ұяты аз, шімірікпес, лыпылдаған сайқал, күлді-көмеш қулықтар мінездемелік әйгіленшілер көбірек болмақ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *