ТҮРКСІБТІКТЕР ҚАЛА ӘКІМІМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ ӨРБІТТІ

Алматы әкімдігі: Шетсіз қала

Өткен сенбі күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының тұрғында­рымен бейресми кездесу өткізді. Бұл – шаһар басшысының қала әкімі болып тағайындалған күннен бастап Түрксібке үшінші рет келуі екен. Мегаполис басшысы­ның қаладағы көне ауданның біріне қайта-қайта ат басын тіреуінің себебі де жоқ емес. 

Ең алдымен, Түрксіб ауданы – Алматы қаласының қақпасы іспеттес. Өйткені, алматылықтар өз қонақтарын Алматы-1 темір жол стансасында және барлық халықаралық стандарттарға жауап беретін Халықаралық әуежайын­да қарсы алады. Сонымен қатар, бұл ауданды – қаланың ең алғашқы әрі ең көп өндірістік кәсіпорындары шоғыр­ланған жер деп айтуға болады. Мұнда көптеген өнеркәсіп мекемелері өз кәсібін екі дәуірде де (Кеңестік және Тәуелсіз Қазақстан) сақтап қалды. Аталған зауыттар ауданның ғана емес, қаланың техникалық әлеуетінің құры­луына, нығаюына сүбелі септігін тигізіп отыр. Соның арқасында бүгінде аудан экономикасы да дамылсыз өсуде.

1938 жылы құрылған ауданда тұратын аудан құрдастары да аз емес екен. Бұл азаматтар ауданның байырғы тұрғындары. Бұл азаматтар ауданда әлі теміржол мен әуе жолы салынып жатқанда мекен етіп жатты. Содан болса керек, дәл осы азаматтар ауданның тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайды. Ауданның жеткен жетістік­терін, жіберген кемшіліктерін назарда ұстап, әкімдікке бірінші болып хабар­ласып отыратын да осы кісілер екен. Оның үстіне кез-келген қаланың кіре­беріс босағасының тазалығына, тәрті­біне әрі сәулетіне қарап баға беріп жата­мыз. Теміржол, әуежай арқылы қала­мызға күніге мыңдаған жолаушы келіп-кетеді. Пойыздан түспей, тек көз салып өтетіндердің саны қаншама. Бұл ретте шетелдік туристердің де, қонақ­тардың да алдымен көзі түсетіні осы аумақ емес пе?!

Екі сағатқа жуық созылған кездесу еркін форматта өтті. Кездесуде жарық­тандыру, жол, медициналық көмек секілді аудан тұрғындарын алаңдатқан бірқатар мәселелер талқыланды. Шаһар басшысы қаладағы кез-келген ауданның тұрмысқа жайлы, тазалығына көркі сай аудан ретінде дамитынын тілге тиек етті. Айтуынша, алдағы уақытта аудан­ды көріктендіріп, абаттандыру, көгал­дандыру, жарықтандыру, аулаларды адамдардың тұрмыс-тіршілігіне қолай­лы жағдайға келтіру, балалардың ойын алаңын орнату сияқты көптеген келелі істер атқарылады.

Аудан тұрғындары тарапынан негізінен елді-мекендерді жарықпен, ауызсумен қамтамасыз ету және ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселесі көтерілді. Газ мәселесін де шешіп беруді өтінді түрксібтіктер.

–       Биыл  Алматының 208 көшесі жарық­тандырылады. Ал 2020 жылы барлық көшелерге толықтай жарық жүргізіледі, – деді шаhар басшысы.

Тұрғындардың медициналық көмек туралы сұрақтарына жауап бере оты­рып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кейбір емханалардың 20 пайызға ғана жабдықталғандығын атап өтті. Нәти­жесінде адамдар үйден алыс емхана­ларды іздеуге мәжбүр екен. Бұл ретте «Нұршақшан» ықшамауданында фельд­шерлік-акушерлік пункт бойынша мәселе шешілді. Ал «Қайрат» ықшам­ауданында әрқайсысы 280 орынды екі балабақша салу жоспарланып отыр.

–       Медқұрылғылардың санын ең құрығанда 50 пайызға жеткізу керек. Медицина халыққа жақын әрі қолже­тімді болуы шарт, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Кездесуде қаланың шет ауданда­рында қызмет көрсететін қоғамдық көліктер мәселесі сөз болды. Әкім автобустардың экологиялық стандарт­тарға сәйкес келмейтінін айтты.

–       Қала басшысы автобустар мен троллейбустардың санын едәуір арттыра отырып, маршруттық желіні қайта қарау тапсырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаяу патрульдеу, аулаларға кіру, патруль­деу бекеттері орнатылады. Бұл мәселелер 2020 жылға арналған бюд­жеттік жоспарлауда ескерілетін болады. Осылайша қарастырылған қаражат біздің қалалықтарымыздың өзекті мәселелерін шешетін болады, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Кездесудің ресми бөлігінен кейін Түрксіб ауданының тұрғындары қала әкіміне толғандырып жүрген сауал­дарын қойды. Бірқатар сұрақ-жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

ҚАЛАДА 4 МЫҢ АУЛА БАР

– Менің үйім 1992 жылы салынған. Біздің үйді ыстық сумен Алматы-1 вокза­лына қарайтын қазандық қамта­масыз етіп отырды.  Бірақ 1997 жылдан бастап олар бізді ыстық судан ажырата бастады. Алдымен қыс айында өшіріп,  кейін жаз айында да ажыратты. Сосын мүлде ажыратып тастады. Осылайша 1997 жылдан бастап 110 пәтері бар үй ыстық сусыз қалдық. Бәріміз суды жылы­татын бойлер алдық. Бірімізде 100 литрлік, енді бірімізде 80 литр. Қазір­гі уақытта 10 литрлік бойлердің өзі 33 мың теңге тұрады. Арзан емес. Судың сапасы нашар болғандықтан әр жыл сайын бойлерді тазалауымыз керек. Шығыны көп. ХХІ ғасырға аяқ бастық, осы мәселе қашан шешілер екен? Рахмет.

Роза ДАНИЛИНА,

Тынышбаев көшесінің тұрғыны.

 

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

– Бұл жерде жаңа желілерді салу қажет. Себебі, ескі желілерді тек жылу­мен ғана қамтамасыз ете алады.  Ал тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігі жоқ.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

–       Біз бұл мәселені қайта зерделеп, дұрыс шешім шығаруға тырысамыз.

 

– Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап балалар алаңын жасап беруді сұрап, өтініп келеміз. Аулада құрылыс жүріп жатыр. Бізде күннен сая болатын не ағаш, не отыратын орын­дықтар жоқ. Бар болғаны екі орындық пен екі әткеншек бар. Бізге балалар алаңын жасап беріңіздерші, өтініш.

Динара,

«Жас қанат» ықшамауданының тұрғыны.

 

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

– Жоба бойынша бұл аумақта темір конструкциядан жасалған балалар алаңы қарастырылған. Ол толық кө­лем­­де орнатылды. «Жас қанатта» бала­ларға арналған және спорт алаң­дары салынады. Қала әкімінің тапсыр­масына сәйкес келер жылы бұл жерде шағын сквер ашылады. Ондағы ағаш отырғызу жұмыстары биыл басталады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

–       Балалар алаңдары мен аулалар бойынша белгілі бір кесте бар. Жалпы қала бойынша 4 мың аула бар. Ештеңесі жоқ аулалар да бар. Бұл бағытта біз біртіндеп қозғалатын боламыз. Қазір біз скверлер санын көбейту жөнінде шешім қабылдадық және оларды қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін шағын аудандарда бос жерлерде орна­татын боламыз. Алдында бұл ауданға келіп кеткен едім. Маңайы қоқысқа тол­ған тоғанның барын білем. Бұл тоғанды тазалап, айналасына орындықтар қойып, тұрғындар үшін демалыс айма­ғын жасауға әбден болады. Демалыс аймағын құру үшін пәленбай гектар жер іздеудің қажеті шамалы.  Тағы бір орталық демалыс паркін құрудың қажеті жоқ. Ықшамаудандардағы әрбір үйдің жанынан шағын саябақтар жасау керек. Бар болғаны сол.

Мен өз әріптестеріме мегаполисте жаппай көгалдандыру бағдарламасын бастайтынымызды айттым.

 

–       Биылғы  жылдың 1 шілдесінен бастап бізге газ жіберіледі деген уәде беріліп еді. Бірақ әлі күнге дейін жоқ. Магистральды құбыр 2017 жылдан бастап бар, бірақ үйлерде әлі газ жоқ.

«Әлмерек» ықшамауданының тұрғыны.

 

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

–       Ауданға қосылған бұл елді-мекен аумағында 1100 үй орналасқан. Жақын арада біз оларды газбен жабдықтау желісіне қосуды жоспарлап отырмыз. Алайда, көптеген үйлер бұған дайын емес, тұрғындар әлі күнге дейін газ пеш­терін сатып алмаған.  Газға қосылу кес­тесі туралы «Әлмеректің» активіне айтылды. Сондай-ақ, кесте қала тұрғын­дарын ақпараттандыру үшін елді-мекеннің орталық көшесіне ілінді.

 

«ҚАЙРАТТА» МЕКТЕП, БАЛАБАҚША, ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

–       Жұмабаев-Касин көшелеріндегі жекеменшік сектор тұрғындарының атынан келіп тұрмын. Сейфуллин мен Дулатов көшелерінің қиылысында, дәл бұрышқа бағдаршам орнатуын сұрасам деймін.  Маңайда балабақша, мектеп орналасқан. Кешкі қарбалас уақытта жолдан өту мүмкін емес, апатты жағдайлар жиі орын алады. 

Ринат ҚАЖАМҚҰЛОВ,

запастағы офицер, зейнеткер.

 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

– Бұл мәселені Алматы ІІД-не  тап­сы­рамын. Мәселені зерделеп, қажетті шешім шығаруды бұйырамын.

 

–       Қалалық әкімдіктен бізге мектеп, балалар алаңын салып беруді өтініп сұраймыз. Қосымша автобус бағыт­тарын  іске қосса дейміз. Қазіргі уақыт­та тек 36-бағыт қана қызмет көрсетеді. Аялда­мада жиі күтіп қаламыз.

 «Маяк» ықшамауданының

тұрғыны.

 

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

– Балалар алаңдарына қатысты айтар болсақ, Сіздің тапсырмаңыз бойын­ша қазір бос орындарды анықтап, келесі жылы балалар алаңын ұйымдас­тыру үшін жобалар жасап қойдық. Мектеп салу мәселесіне келер болсақ, «Маяк» «Қайрат»  ықшамауданының жанында орналасқан. Ал «Қайратта» мек­теп, балабақша, емхана құрылысы қарастырылған.

 

– Жаңа аялдама кешенін орнату керектігін айтқым келеді. Аялдамаға жап­сарласа  орналасқан ескі үй бар. Ол үйде қарт әйел науқас ұлымен тұрады. Келімді-кетімді адамдардың барлығы сол жерге қалдықтарын лақтырып кете­ді. Әлгі үй қоқыстан көрінбейді. Сон­дай-ақ, №74 бағыт  туралы айтсам деп едім. Басында бұл автобустар әрбір бес минут сайын қатынаса, қазір оларды 30–40 минут күтуге тура келеді. Көшеміз лас, аялдама да қоқысқа толып жатады.

Спасская көшесінің тұрғыны.

 

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

–       Біз бұл мәселені білеміз. Қарау­сыз қалған үйдің аумағынан қоқыс­тарды жинауға, шығаруға көмектесіп келеміз. Бірақ адамдар ескі үйді көріп, ауласына қоқыстарын тастауды бір қояр емес.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

–       Аймақтарда жұмыс істеп келдім. Біраз тәжірибем бар. Бірақ қоқыс шығарудың мұндай сызбасын Алматы­дан басқа еш жерден көрмедім. Жолдың бойымен өтіп бара жатып, жеке сектор­дағы үйлердің алдындағы қоқыстарды көріп, жағамды ұстадым десем болады. Түсінуім бойынша, кесте бойынша қоқыстар күн сайын  таңғы сағат 10.00-ге дейін алынып кету керек екен. Арнайы көліктер қоқыстарды жол бойынан немесе әр үйдің алдынан алып кетуге мәжбүр. Бірақ біз ауылда емес, мегаполисте тұрамыз ғой. Жеке сектор­да да қоқыс лақтыратын арнайы жәшік­тер болуы керек емес пе? Көлік келген­ше қаңғып жүрген иттер қоқыс пакет­терінің тістелеп, шашып тастайды ғой. Бұл схеманы өзгерту қажет, бұл дұрыс емес.

 

–       Ауданымызда атқарылып жатқан істер аз емес. Балаларға арналған  алаңдар бар. Бірақ №85 мектептің өз спорт алаңы жоқ.

Надежда ФЕДОТОВНА,

ұстаз.

 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

– Бүгінде түрлі алаңқайлардың жобаларын жасап жатырмыз. Қала бойынша спорт алаңдары көп болуы керек. Бұл тек мектептерде болуы тиіс деген сөз емес. Кез-келген балаға қол­жетімді болатын спорт алаңдарын құру керек. Сәулет-құрылыс басқармасының басшысына жабық және ашық түрдегі алаңқайлардың жоспарын құру туралы тапсырмамен жұмыс жасап жатыр.

 

– Біздің ауданда балалар алаңы, жарық мәселесі шешілмеген. Арық жүйесі жоқ.

Халида,

Нахаловка ауданының тұрғыны.

 

Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин:

– Қазір «Жұлдыз», «Алтай» ықшам­аудандарында аулаларды жөндеу жұмыс­тары басталды. «Жұлдызда» ауланы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 2025 жылға дейін қаладағы балалар алаңдары бойынша мәселелер толығымен шешілетін болады. Сондай-ақ, бұл көшелер жарықтандыру бағдар­ламасына енді. Автобустың қосымша бағыты мәселесі де шешілуде.

 

Дайындаған –

Мәншүк БЕКБОСЫН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *