ТҮРКСІБТІҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР

Айналдырған 4-5 айдың ішінде Түрксіб ауданындағы Шолохов көшесі тотыдайын таранып шыға келді. Жаяу жүргіншілерге басымдық беріліп, қайта  жасақталып, түлеген  Шолохов көшесі жаңаша сипатта ажарлана түсті. Түрксіб ауданында жұрт көптен күткен тағы бір демалыс аймағы ашылды.

Осылайша білікті басшылықтың ілкімді істері аудан тұрғындарына қуаныш сыйлады.

Көше бойына классикалық стильде орнатылған жарық көздері көздің жауын алады. Сонымен қатар, жерге гранит тастар төселіп, қоқыс жәшіктері мен авторлық архитектуралық формалар қойылып, барынша заманауи тұрғыда абаттандырылған.

Түлеген, түрленген Шолохов көшесінің ашылу салтанатында қала тұрғындары мен оның қонақтары үшін театрландырылған көріністер, би перфоманстары, фотоаймақтар мен ән-шашу ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі де көздің жауын  алды. Әсіресе, киізден, былғарыдан ұлттық нақышта дайындалған сөмкелер мен ойыншықтарға сұраныс көбейді.

Алматының ажарын ашатын әлеуметтік бастамалар легі мұнымен аяқталмады. Бұл күні Некрасов көшесі, 32 «А» мекен-жайында Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне саябақ ашылды.

Жауынгерлер саябағының ашылу салтанатына келген жұртшылық қаза болған жерлестеріміздің құрметіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бұл игілікті іс аудан әкімдігі үшін не болмаса соғыстан қайтпай қалған майдангерлер үшін емес еді. Бұл – келешек ұрпақ үшін жасалып жатқан жұмыс. Себебі, Ауған соғысының тарихынан хабары жоқ, майданда қаншама бауырларымыздың жер құшқанын білмейтін жастар көп.

 

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *