ТҮРКСІБТЕ ТАЛАНТ КӨП

№7 Оқушылар үйінде «Арман кетер аққудың қанатында»! атты Түрксіб аудан­дық жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушылары арасында байқау өткізілген еді.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді. Бірінші бөлімде «Поэзия! Менімен егіз бе едің!» поэзия байқауы өткізілсе, екінші бөлімде «Әр көмейде әуезді ән бүлкілдеген» атты ән байқауы аспан көгіне шарықтады. Оқушылар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Абирова байқау қонақтарын құттықтап, оқушы­ларға сәттілік тіледі.

Байқау барысында Түрксіб ауданын­дағы жалпы білім беретін №№142, 84, 115, 76, 59, 32 мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Үміткерлерге Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­ситетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымының кандидаты Гүлбану Темірияз­қызы және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының практикалық тілдер кафедрасының ма­гистрі, аға оқытушысы Гүлназ Бай­қонаққызы, сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­ситетінің аға оқытушысы Гауњар Баймұр­зақызы төрешілік жасады.

«Поэзия! Менімен егіз бе едің!» поэзия номинациясы бойынша Бас жүлдені №115 мектептің 3-сынып оқшысы – Шұғыла Жүсен, «Әр көмейде әуезді ән бүлкілдеген» ән номинациясы бойынша Бас жүлдені №59 мектептің 4-сынып оқушысы – Балауса Асым жеңіп алды. Сонымен қатар, Төлеген Ескендір, Аяулым Ділдабай, Мұхаммед Алтайбаев, Дарина Нұрлан, Амина Асанханова, Меруерт Асанханова, Нұрбек Жұмахан, Тимур Нышанов, Балауса Серікбек, Жансая Ниязова, Айға­ным Тұрсынбек, Жасұлан Жұмағали, Нұрай Мұхамбетқызы жүлделі орындарды еншіледі.

Сымбат САРЖЕЗДЕНОВА, №7 Оқушылар үйінің бұқаралық бөлім меңгерушісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *