Түрксібте халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыс көп

Мәншүк БЕКБОСЫН

Кеше қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Түрксіб ауданына табан тіреді. Ауданда халық игілігі үшін атқарылып жатқан шаруаларды пысықтап, әлеуметтік нысандарды аралап көрді.Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграмм парақшасында жариялады.


«Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістігінің абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Есеп беру кездесулері кезінде тұрғындардың өздері ұсынған учаскелерге ерекше көңіл бөлінді. Мысалы «Жас Канат» ықшамауданындағы қараусыз қалған жердің орнына саябақ, ал Соболев көшесінде спорт алаңы пайда болды. Жаңартылған «Буденый» алаңымен бірге бұл жерлер ересектер мен балалардың сүйікті мекеніне айналды. Мұнда уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған» делінген жазбада.
Жалпы Түрксіб ауданында жалпы ауданы 56,8 га болатын екі саябақ пен 12 сквер орналасқан. Бүгінде екі саябақ пен 8 сквер жөнделді. Соның ішінде ағымдағы жылы «Буденный» мен «Жас қанат» скверлері бар.
Сондай-ақ, Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы 2 скверді, атап айтқанда, Әуежай сквері мен Балалар шығармашылық үйін жөндеуге ЖСҚ әзірлеуде. 2021 жылға арналған жергілікті бюджетте 2 скверді (Ленин мен Б.Хмельницкий) жөндеу жоспарланған.
«Маяк» ықшамауданындағы Әуежайдың рекреациялық аймағын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жұмыстардың аясында тоғай маңын абаттандырып, шағын сәулет нысандарын орнатып, ойын және спорт алаңдарын құру көзделген.
Сонымен қатар, аудандағы Сауранбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда көшелер абаттандырылып, субұрқақ, шағын сәулет нысандары мен орындықтар, LED жарық жүйелері қойылмақ.
Түрксіб ауданының аумағында 569 аула бар. Соның 496-сы күрделі жөндеуден өтеді. Қалған 74 аулада абаттандыру жұмыстары қарастырылмаған. Өйткені аулалардың 44-і алдағы бес жылда бұзылатын тұрғын үй санатына жатқызылды. Ал «Жас қанат» ықшамауданында жаңадан салынған үйлерде 30 аула бар. Айта кету керек, 2016 – 2019 жылдар аралығында 90 мыңнан астам адамды қамтитын 400 аула (жалпы санының 80,6 пайызы) жөнделді.
Биыл 20 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 95 аула аумағына (3,4 млрд. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демек, алдағы 4 жылда жөнделгендерді ескере отырып, аудан аулалары 100 пайыз абаттандырылады.
«Аулалар ретке келтірілуде. Ахметов көшесіндегі үй тұрғындарының айтуынша, олар үй маңындағы аумақтың жөнделуін 30 жыл күткен. Заманауи ойын, воркаут және демалыс аймақтары тұрғындар үшін таптырмас орын болды. Олар бірлесе аумақты көгалдандырды. Енді МИБ құру мәселесін қолға алып, өз аулаларында тәртіп орнатпақшы. Бұл – құптарлық әрекет. Тұрғындар тұрғын үй шаруашылығын ұстау мәселелерін өз бетінше шешуге құқылы және шеше де алады» деп жазды қала әкімі өзінің Инстаграмм парақшасында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *