ТҮРКСІБТЕ АТҚАРЫЛАТЫН ШАРУА АЗ ЕМЕС

алайда мұның бәрі кезең-кезеңімен реттелетін дүние

Әкімнің тапсырмасы орындалды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен танысу барысында ең алғаш болып Түрксіб ауданына ат басын бұрған еді. Ауданның әкімшілік орталығанда болып, негізгі көрсеткіштермен танысқан қала басшысы аудан аумағының даму перспективасын қарастыруды, әлеуметтік маңызды нысандардың, жолдардың, инженерлік инфрақұрылымның және т.б. ауданға қажет басымдықтарды анықтауды, әлеуметтік мәселелердің (жезөкшелік/нашақорлық/үйі жоқ кезбелердің) жүйелі шешілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сөйтіп халықтың тұрмыс ахуа¬лына тікелей әсері бар үлкен шаруа Түрксіб ауданында басталып кетті.
«Алматы – сәт сайын дамып келе жатқан қалалардың бірі. Соған сай, қаланың жол-көлік қозғалысы да жетіліп отыру керек. Аудан тұрғындары сапалы жолмен жылдың әр мезгілінде қатынағаны абзал» деген еді қала әкімі ауданға жасаған сапарында. Қала әкімінің айтуынша, «Өмір соқ-пағы» деп бағаланған жолдың¬ Түрксіб ауданындағы жайы жөндеуді талап етеді. Әсіресе, ауданға қосылған ықшамаудандардағы жолдың сапасы нашар. Бүгінде Түрксіб ауданында жалпы 425 шақырымды құрайтын 438 көше бар. Соның ішінде ауданға қосылған «Әлмерек», «Нұршашқан», «Қайрат» ықшамаудандарында жалпы ұзындығы 41,5 шақырымға жететін 51 көшеге бетонды асфальт төсемесі қажет. Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен инженерлік желілер құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Түрксіб ауданының түтіні түзу ұшқанымен, күрмеуі қиын мәселелері де жоқ емес. Соның бірі – ауыз су мәселесі. Мәселен, бес мыңнан астам тұрғыны бар «Қайрат» ықшамауданы, жеті мыңға жуық тұрғынды құрайтын «Нұршашқан», бес мыңға жуық тұрғыны бар «Әлмерек» ықшамаудандары үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі оңтайлы шешімін таппақ. Әсіресе, бүгінде «Қайрат» ықшамауданында инженерлі коммуникациялар (сумен жабдықтау, су тарту) құрылысы жүргізілуде. Тапсырыс беруші қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы, мердігер ұйым «Алвис» ЖШС. Бұл аумақтағы тораптардың ұзындығы 61,3 шақырымды құрайды (сумен жабдықтау торабының ұзындығы – 33,8 шақырым, жүргізілгені – 7,8 шақырым, қалғаны – 27,5 шақырым; кәріз жүйесі торабының ұзындығы – 27,5 шақырым, жүргізілгені – 6,5 шақырым, қалғаны – 22 шақырым). Ал, «Нұршашқан» мен «Әлмерек» ықшамаудандарын ауыз сумен қамтамасыз етіп, ретке келтіру жұмыстарын 2020 жылға қарай аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 1-14 шілдесі аралығында жезөкшілікке қарсы күрес және пәтерлерді жалға берушілердің алдын алу мақсатында Түрксіб ауданында (Сейфуллин даңғылы, Алматы-1 вокзалы) жедел шаралар жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 111 адам, оның ішінде Түрксіб ауданы әкімінің аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция – 6 адам, жылжымалы полиция бекетінен «Гранит» 5 автопатруль, Ұлттық ұланнан – 100 әскери қызметші жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, Түрксіб ауданы полиция басқармасына 839 азамат жеткізілді. Солардың ішінде 632 азамат – ақша үшін жыныстық қатынас фактісі бойынша, 145 азамат – пәтерді жалға берушілер, 62 азамат – жыныстық қызмет көрсетушілерге жалдамалы көлік жүргізушілер болды. 386 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Бұдан өзге, Б.Хмельницкий көшесі бойымен «Жас Қанат» ықшамауданына кіретін жердің аумағы ретке келтіріліп, өзен арнасындағы қалдықтар қалалық полигонға шығарылды. Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Баймағамбетов көшесі, 218а мекен-жайы бойынша орналасқан саябақ аймағын ретке келтіру бойынша дайындық жұмыстары басталып, жер учаскесін рәсімдеу мәселесі пысықталуда. Бұл аймақтағы бос жатқан аумаққа топографиялық түсірілім жасалды. Қазіргі уақытта тұрақ алаңының ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Майлин, Бұхтармин көшелері абаттандырылды. Дуалдар сырланып, апатты жағдайдағы 3 аялдама кешені бұзылды. Жаңа қоршаулар салынды.

Спорт алаңдарының саны көбейтілсін
Түрксіб ауданында 2017 жылы кешенді жөндеу жұмыстары аясында 6 спорт алаңы (4 футбол, 1 баскетбол, 1 жаттығу алаңы) қайта жасақталған еді. 2018 жылы 62 спорт алаңы (39 жаттығу, 15 футбол, 7 баскетбол, 1 стритбол) салынды. Ағымдағы жылы 86 спорт алаңының құрылысы жоспарлануда (52 жаттығу, 22 футбол, 12 баскетбол алаңы ).
Сонымен қатар, ауданның көпқабатты тұрғын үй қоры 1168 үй мен 27 492 пәтерді құрайды. Оларға 76 ПИК қызмет көрсетеді. Көпқабатты үйлердің ішінде 508 үй «Ескі үй» болып танылды. Сөйтіп «Ескі үйлер – 2020» бағдарламасы аясында 2013 – 2016 жылдары 16 қамысты ескі екіқабатты үйлер (201 пәтер) сүріліп, 39 жаңа бесқабатты көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылды (804 пәтер).
Қала әкімі өзінің жұмыс сапары кезінде Чернышевский көшесі 25/1 мекен-жайындағы М.Илахонова деген азаматшаның пәтерін көріп шыққан еді. Нәтижесінде, пәтер ішіндегі ақауларды (орамал кептіргішті ауыстыру, пәтер ішіндегі дымқылдықты кетіру) жоюды тапсырған болатын. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген ақаулар ПИК жұмысшыларының және мердігер ұйым «АГС-Пласт» ЖШС көмегімен жүзеге асырылды.
Бұдан өзге, қаланың, оның ішінде ауданның сәнін кетіріп тұрған 87 дүңгіршек жойылды. Жалпы, аудан бойынша 2017 – 2019 жылдар аралағында 445 заңсыз сауда дүңгіршектері анықталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 442 дүңгіршек бұзылды.
Түрксіб ауданында әлі де атқарылатын шаруалар шаш етектен. Алайда мұның бәрі кезең-кезеңімен реттелетін дүние. Тұтынатын ауыз суы, жүріп өтетін жолы, жарқыраған жарығы болмаса, тұрмыстың да түйткілдене түсетіні жасырын емес. Қаланың шеткі аудандарында мұндай мәселені жоқ дей алмаймыз. Бірақ, билік мұның бәрін рет-ретімен шешуге кірісіп кетті. Тіршілік нәрі сезілмеген аумақта жанкештілікпен өмір сүру өркениеттен қалыс қалумен тең емес пе? Енді инфрақұрылым мәселесін реттеу күн тәртібінен түспейді. Алматының шеткі аудандарында кезек күттірмейтін мәселелердің қарасы көп. Алайда, оған біршама уақыт керек. «Мәскеудің бір демде салынбағаны» секілді мегаполистегі шеткі аудандардың жарқырап шыға келуі бір күннің шаруасы емес.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *