ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖАМАН ЕМЕС

Алматы қаласының Өңірлік  коммуни­кациялар қызметінде  Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагиннің қатысуымен «Түрксіб ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында жиын өтті

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бүгінде Түрксіб ауданында 228 мың адам тұрады. Ауданда ірі сауда және өнеркәсіп орталық­тары шоғырланған. Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан бойынша барлық салада өсу қарқыны жоғары.

Өнеркәсіп өнімін өндіру кө­лемі 110.8 млрд. теңгеге дейін ұл­ғайды, бұл 2017 жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда өсу қар­қыны 122 пайызды құрады. Нақты секторды дамытуға 29 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Дамудағы елеулі серпін шағын және орта бизнес кәсіпорындары есебінен қалыптастырылды. Осы секторда  44 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басы­нан бері жеке инвестор­лардың қаражаты есебінен 504 орындық мектепке дейінгі  16 жеке балалар мекемелері, 40 балалар спорт алаңы ашылды. «Мектепке жол» акциясы аясында 263 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы­ларына оқуға қажет құралдар мен сөмкелер табыс етілді. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша ауданда 130 ауланың аумағы абаттандырылды. Бұдан басқа, 2019 жылы абаттандырылуға жататын 50 аула бойынша жо­балық-сметалық құжаттама әзірленді және сараптамалық қорытынды алынды. Биылғы жылы аудан аумағын абаттандыру және аулаларды таза ұстауға қала бюджетінен 3,89 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде ұзындығы 458,1 шақырым бола­тын 377 көшеге жарық  шамдары орнатылып, 157 бірлік сыртқы жарық жүйесін бас­қа­ратын жәшіктер қойылды. Соны­мен бірге,  «Колхозшы» ықшамау­данында 8 көшені жарық­тан­дыруға  арналған ЖСҚ әзірленді. Аудан аумағында ұзындығы 9,455 шақырым болатын 14 көше ретке келтірілді. (Осипенко көшесі, Станкеевичтің қиылысы, Р.Зорге, Ақан сері, Красногорск, Сүйін­бай, Иванов, Майлин, Б.Хмель­ницкий, Щер­баков, Захаров көше­лері). Үсті­міздегі  жылы «Өңір­лерді дамыту – 2020» бағдарламасын іске асыру бойын­ша «Жас қанат» ықшамауданында жалпы аумағы 164 900 шаршы метр  болатын  1780 пәтерді  қам­ти­тын бес қабатты 47 тұрғын үй салынды. Желтоқсан айында 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалану­ға берілмек. Бұдан өзге, «ТКШ-ны жетілдіру» (тұрғын үй ком­му­налдық-шаруа­шылық)  бағ­дарла­масы бойынша аудандағы 17 үйге, сонымен қатар, бизнестің әлеу­меттік жауап­кершілігі аясын­да аудан­дағы орталық көшелерде орна­ласқан 14 көппәтерлі үйге ин­весторлар есебінен жөндеу жұ­мыстары жүргізілді.  Ауданның 30 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік қолдауға ие болды. Соның ішінде 30 адам Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 3,2 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы әлеуметтік көмектің жалпы көлемі 95.4 млрд. теңгеден асады. Соның ішінде тұрмысы төмен отбасылар, соғыс ардагерлері және тубер­кулезбен ауыратын науқастар емханада емделіп жүрген азаматтар, мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. Аудан аумағында мектепке дейінгі 86  балабақшада 6,8 мың бүлдіршін тәрбиеленуде. Жыл басынан бері ауданда 504 балаға арналған 16 жекеменшік балабақ­ша ашылды. Мемлекеттік тапсы­рыс бойынша 315 орын бөлінген. Ағымдағы жылы «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша орнатыл­ған бейне­бақылау камералары­ның саны 4 мыңнан асты. Соның ішінде 1 мың 173 бейнебақылау камера­лары тұрғын үйлердің кіре­берістеріне орнатылған. Бұл жұмыс аудан бойынша қыл­мыстың төмендеуіне біршама ықпал етті. 2018 жылы 9 айдың көрсеткіші бойынша 12 862 аза­матқа мемлекеттік қызмет көр­сетілді. Соның ішінде ҚР элект­ронды Үкімет» мемлекеттік кор­порациясы арқылы 8058 қызмет, «Egov» электрондық үкімет порталы арқылы 2939 қызмет көрсетілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *