Түрксiб ауданында 3519 пәтер, 1195 жеке үй тексерiлдi

Мәншүк БЕКБОСЫН

Елiмiзде 1-қыркүйектен бастап учаскелiк инспекторлардың «Участок» ауқымды жедел-алдын алу iс-шарасы басталған болатын. Бұған аудандық IIБ бөлiнiстерi мен қызметтерiнiң жеке құрамы, сонымен қатар iшкi әскерлер де жұмылдырылды. Бұл шараның мақсаты – әрбiр әкiмшiлiк аумақта учаскелiк инспектордың, көшi-қон, криминалдық және патрульдiк полиция қызметкерiнiң, оның iшiнде жедел әрекет ететiн бөлiнiстер мен басқа қызметтердiң күшiмен жұмыс өткiзу. Демек, құрылған топтар аумақтардағы аулалар мен пәтерлердi тексерiп, тұрғындар туралы мәлiмет жинайды. Полицияда есепте тұратын, сондай-ақ, қару-жарақ иелерi, саяжайлар, құрылыс объектiлерi, базарлар мен жалға берiлетiн үй-жайлар тексерiледi. Елiмiзге келiп-кету ережесiн бұзған шет ел азаматтары, оларға жұмыс берушiлер анықталады.

Бүгiнде ел аумағында, әсiресе, қалалық жерде құқық және қоғамдық тәртiп бұзушылық ең өзектi мәселе екенi белгiлi. Мiне, осындай мәселеге Түрксiб аудандық Iшкi iстер басқармасының өкiлдерi «бармақ басты, көз қысты» қарамай, 1-қыркүйектен бастап кезектi рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Көше мен қоғамдық орындарда тәртiптi қадағалап, кәмелетке толмағандар арасында және отбасында құқықбұзушылықтың алдын алуды мақсат еткен шараға ПИК, салық органдарының қызметкерлерi және жергiлiктi учаскелiк полицейлер қатысты. Естерiңiзге сала кетейiк, «Участок» жедел-алдын алу iс-шарасы бiр айға созылады.

Сонымен, 1-қыркүйектен Түрксiб ауданында басталған шара аясында кешегi күнге дейiн 1508 нысана тексерiстен өттi. Соның iшiнде мамандар көп қабатты 246 үйдiң 3519 пәтерiн және 1195 жер үйлердi аралап шықты. Сосын тексерiстен өткен 204-ке жуық жер-төлелер мен шатырлардың қалыпты жағдайда екенi анықталды. Сөйтiп, шара барысында бiр жұманың iшiнде 219 ересек адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Ал, әкiмшiлiк жаза дегенiмiз – әкiмшiлiк құқық-бұзушылық жасағаны үшiн қолданылатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Ол әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құметтеу рухында тәрбиелеу, құқықбұзушының, басқа адамдардың жаңа құқықбұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Есепте тұрған 3 мың 112 адамның 118-i тексерiлдi. Сонымен қатар, 180 қару иесi тексерiлiп, соның 12-сiнде тиiстi құжаттың болмағандығы анықталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *