Түркітілдес елдермен серіктестік аса маңызды

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Түркітілдес мемлекеттер серіктестігі Кеңесінің ақсақалдар кеңесі мүшелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар осы күндері Алматыда өтіп жатқан Түркі Кеңесінің жетінші кездесуінде көтерілген мәселелерді сөз етті. Шаһар басшысы Кеңестің бауырлас түркі халықтарының серіктестік байланысын нығайтудағы орнының ерекше екенін атап өтті.

– 2014 жылы Алматы ТМД мемлекет­терінің мәдени астанасы болып жария­ланды. 2015 жылы біздің қала ИСЕСКО аясында ислам мәдениетінің астанасы дәрежесінде болады. Сондықтан біз әрбір түркітілдес елдермен серіктес болуға, тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Біздің ел­деріміздің алдыңғы уақытта да көпвек­торлы серіктестікті дамытуға мүмкінші­ліктері мол және барлық жағдай бар.

Түркі Кеңесінің жетінші кездесуін өткізу біздің бауырлас елдердің арасындағы өзара серіктестіктің дамуына үлкен мүмкіндік жасап отыр, – деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Түркітілдес мемлекеттер серіктестігі кеңесінің бас хатшысы Халил Акынжи аталмыш ұйым Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрыл­ғанын айтып кетті.

– Түркітілдес мемлекеттер серіктестігі Кеңесінің бірінші саммиті 2011 жылы Алматыда өткен болатын. Сол себепті де бұл қала біз үшін үлкен маңызға ие. Бүгін де Алматыда тұңғыш рет Түркі Кеңесінің кездесуі өтіп жатыр. Бұл кездесу бауырлас елдер арасындағы туыстық байланысқа үлкен әсер етеді, – деді Халил Акынжи.

Тілі бір туыс елдердің бауырлық байла­нысы ғасырдан-ғасырға созылатыны сөзсіз.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *