Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

19 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің арасы) Түркістан облысының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Арыстың, Кентаудың,Түркістанның, Шымкенттің және 13 облыс ауданының тауар өндірушілері 210 тонна өнім әкеледі.
Алматылықтар таңдауына 50-ден астам тауар түрлері ұсынылады. Ассортиментте: 60 тонна ет және балық өнімдері, 5 тонна сүт өнімдері, 130 тонна жеміс пен көкөніс, сонымен қатар 15 тонна ұн, жарма мен басқа да өнім түрлері бар.
Азық-түлік тауарларының бағасы базардағыдан 15-20%-ға төмен болады. Мысалы, сиыр етінің бір килограмын 1800 теңгеге, тауық етін 750 теңгеге, картопты 70 теңгеден сатып алуға болады.
Еске салсақ, жәрмеңке таңғы сағат 8.00-де ашылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close