ТҰРАҚТЫЛЫҚ – АЛЛАНЫҢ ҮЛКЕН НЫҒМЕТІ

2244Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Мужтаба Демирчилоны қабылдады.

Ресми кездесуде екі елдің рухани-мәдени салалардағы ынтамақтастық байланысы сөз болды. Сонымен қатар мұсылман елдеріндегі дүрбелең туралы да пікір алмасты.

– Кейбір елдердегі қақтығыстарды көріп, көпұлтты Қазақстанның тыныштығы мен ұлттар татулығының қадірін терең түсінемін. Қазақстандағы тұрақтылық, бұл – Алланың үлкен нығметі. Екіншіден, Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында оқ бойы озып, өркендеп келеді. Бұған күн сайын көз жеткізіп келемін, – деді дипломат.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әлемдік тыныштық пен татулықты сақтауда дін қайраткерлерінің рөлі айрықша екенін жеткізді.

– Қазақстан және Иран – бұрыннан бауырлас елдер. Бізді біріктіретін ортақ мәселе көп: дін атын жамылған ағымдардың әрекетіне тосқауыл қою, жастарға Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйрету, қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Бұл бағытта дін қайраткерлеріне жүктелетін міндет зор, – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти жаңа елшінің жұмысына табыс тіледі.

www.muftyat.kz 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *