ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛУҒА ҚОСЫЛДЫ

АПАТ САЛДАРЫНАН ЖЫЛУДАН АЖЫРАТЫЛҒАН ТҰРҒЫНДАР ЖЫЛУҒА ҚОСЫЛДЫ

Әйгерім САУЫТБЕКОВА

Өткен аптада Алматының ірі жылу трассаларының бірінде орын алған апат салдары жойылды. Қазір қала түгелдей жылумен қамтылып болды. Бұл жөнінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Ильин хабарлады. 

Естеріңізге сала кетсек,  24-ақпан күні Айманов пен Жандосов көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып,  130 тұрғын үй мен 25 әкімшілік ғимарат жылудан ажыратылған болатын. Төтенше жағдайды жоюға «Алматы жылу жүйелері», «Қазақтелеком», ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ге жуық мамандары мен 15 техника жұмылдырылды. Апат салдарын жою жұмыстары күні-түні тоқтамады. Мамандар құбырды 25-ақпан күні  таңертең сағат 11.00-де іске қосқан болатын. Алайда, бұл әрекет еш нәтиже бермеді, араға 15-20 минут салып, құбыр қайта жарылды. Тек 26-ақпан да апат салдары толық жойылып, қала түгелдей жылумен қамтылып болды.

Мамандардың алдын-ала болжауынша, жылу құбырының жарылуына құбырдың тозуы мен соңғы күндері Алматыда орын алған қатты аяз әсер еткен екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close