Тұрғындар суық су жүйесіне қосылады

Қала әкімінің тапсырмасы орындалып жатыр

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов қала әкімі @sagintayev.b тапсырмасына сәйкес Баишева көшесінің тұрғындарымен кездесті.

Жетісу ауданына қарасты №14 үйдің тұрғындарынан шағым келіп түсті. Тұрғындар «Баишево көшесіндегі су құбыры желілерін жөндеу» жобасынан тыс қалған. Ал, тапсырыс беруші «Алматы су» және мердігер «Колсай Строй» ЖШС көшенің бір бөлігі «Алматы су» еншісінде жоқ болғандықтан жобаға енгізбеген. Бүгіндесу құбыры 1960 жылы салынған және апатты жағдайда.

Осыған байланысты ұзындығы 350 метр болатын 14 үйдің тұрғындарына су құбырын өткізу туралы шешім қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 10-тамызында басталады. Жұмыс тамыз айының соңында бітеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *