«ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ СЕРВИС» ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алматыда «Тұрғындар үшін қол­же­тімді сервис» (е-ПИК) порталының таныстырылымы өтті. Бұл порталда қала тұрғындары өздерінің ЭЦП кілті арқылы ПИК-терді (басқару органы) таңдауға және ауыстыруға, есеп-қисап­тарды онлайн көруге, шығындар смета­сына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ  онлайн жиналыстар өткізуге мүм­кіндік алмақ.

 Мәншүк БЕКБОСЫН

«Smart Almaty» тұжырым­дама­сының жетекші жобасының бірі саналатын е-ПИК порталы­ның ашы­луына қалалық Тұрғын үй саясаты  басқармасы мен «Алма­ты қаласын дамыту орталығы» АҚ-ы және «Almaty – adaldyq alany» жобалық офисі ұйытқы болды.

–       Жаңа портал ПИК жұмы­сының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қалада тұрғын үй сервисін артты­рады. Үйлердің әрбір тұрғыны  өз үйі мен коопе­ративі туралы және оның қызметі жөнінде нақты мәлімет алып, күр­делі жөндеу, төрағаны ауыстыру және басқа мәселелер бойынша еркін түрде онлайн дауыс бере алады, – дейді қалалық Тұрғын үй саясаты басқар­масының бастығы Бақытжан Ақжаров.

Бұдан былай кез-келген қала тұрғы­ны www.almaty-ksk.kz порта­­лы арқылы ПИК-ке шағым түсіріп қана қоймай, учаскелік инспектор туралы толық мәлімет алуға және үйге қатыс­ты басқа мәселелер бойынша (FAQ) хабардар бола алады. Өз ретінде басқа­ру орган­дары да портал арқылы өз қызметтерін тұрғын­дармен келісе отырып жүргізуге, сол арқылы қызмет сапасын арттырады. Бұдан өзге, Тұрғын үй инспекциясы тұр­ғындарға  элек­тронды түрде пәтер ұсыну және мем­лекеттік қызмет көрсе­ту бойынша бірқатар бағдар­ламаларды  іске асыр­ды. Мысалы, өткен жылдан бастап есепке алу және кезекке тұру, сондай-ақ, мұқ­таж жандарға мемле­кеттік қордан пәтер бөлу бойынша шешім шығару тек электронды түрде жүзеге асып келеді. Респуб­ликада бірінші рет мега­полисте кезекте тұрған­дарды электронды қайта тіркеу енгізіл­ген. Бұдан өзге, пәтерді есепке алу мен жалға беру төлемдері «1С: Бухгал­терия» базасы бойынша  жүргізіледі.

Осылайша Алматыда пәтер кезегіне қою мен оны бөлуден бас­тап тұрғын үйдің  барлық про­цестері толық автоматтанды­рылды.

–              Біздің басқарма тағы екі қыз­мет түрін ұсынып отыр. Бірі – мемле­кеттік тұрғын үй қорынан пә­терді жекеше­лендіру және  ком­муналды тұрғын үй қорында тұрақ­ты пайдала­натын жеке үйі бар немесе жоғы туралы анықтама беру. Мем­лекеттік қызмет көрсету реес­трінде оларды электронды форматта ұсыну қарасты­рыл­маған. Осы мемле­кеттік қызметтер бойын­ша ағымдағы стандарттарға өзгерістер енгізілген соң кез-келген  азамат мемлекеттік орган­ға немесе ХҚКО бармай-ақ, Басқарма сайты­нан  анықтаманы алып, үйін жеке­ше­лендіру бойын­ша өтініш бере алады, –  дейді Тұрғын үй саясаты басқарма­сының басшысы Бақыт­жан Ақ­жаров.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *