ТҰРҒЫНДАР ҮМІТКЕРДЕН ҮМІТ КҮТЕДІ

Жетісу ауданының №25 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан кандидат Асхат Шілікбаев ықшамауданның Тоқтаров көшесіндегі №39, №41, №43 үйлерінің тұрғындарымен кездесті.

Рая ЕСКЕНДІР

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Асхат Шілікбаев қала тіршілі­гін жетік білетін азамат. Ол қалалық құрылыс басқар­масы директорының орынбасары болып қызмет істеген. Ал 2006 жылдан бастап «Алматы ДорСтрой» компаниясы ЖШС-де бас инженер болып және осы мекеменің бас дирек­торы қызметін атқарады. Асхат Қашқын­байұлы 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Алма­тыинжстрой» АҚ Бас директорының орынбасары болып қызмет етсе, 2014 жылдан бастап «Алматы­инжстрой» АҚ Бас директоры қызметінде. Қала өміріне белсене атсалысатын азамат бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында Алматы қаласының құрылыс индус­трия­сын дамытуға, қоғамдық аймақ­тарды көріктендіру жұмыстарын белсе­не қолдап, атсалысып келеді. Үміт­кермен кездескен тұрғындар сайлауал­ды бағдарла­мамен танысып болған соң, өздерінің өтініш-тілектерін жолдады.

Мәселен, осы округтің байырғы тұрғы­ны Светлана Сигаева: «Тоқтаров көшесіндегі үйлер арасындағы шұқыр­лар қашан жөндеу көреді? Осы жұмыс­тың жүргізілуіне көмек көрсетесіз бе?» деген сауалын жолда­ды. Осы көшедегі аулаларға полицей «жолағын» орналас­тыру қажет екендігін де тұрғындар зор өтінішпен жеткізді. Тұғын­дар үміт­керден Тоқтаров көшесі бойының қап-қараңғы екендігін айтып, жарық орнатуға көмек көрсетуін сұрайды.

Келесі кезекте осы ықшамаудан тұрғы­ны Айман Дулатова «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша жүргізіл­ген жұмыс­тың жалғасы бола ма?» деп қызығу­шылық танытты.

Үміткердің келесі кездесуі сенбі күні «Гомель» ПИК, Ақпаев көшесінің №54, №56, №58 үйлері тұрғындарымен өтті. Тұрғындар ескі ағаш­тарды кесу керек екендігін айтып, көмек көрсетуін сұрады. Сонымен қатар, осы аумақта бір ғана №20 автобустың жүретінін айтып, басқа да көліктер жүргізілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Қалалық мәсли­ха­тқа үміткер Асхат Шілікбаев, соны­мен қатар, жексенбі күні «Аманат» ұжы­мымен, Рысқұлов көшесі бойындағы №54, №56, №58, №60, 58 «а» үйлердің және Макаренко көшесі бойындағы №58, №64, №66 үйлердің тұрғын­дарымен кездесті.

Ықшамаудан тұрғындары үміткерге зор табыс тілеп, өздерінің талап-тілек­терін жеткізді. Мәселен, Мака­ренко, №55 үй маңына жаяу жүргіншілерге арналған жолдың қажет екендігін және осы көше бойындағы 58 үй жанындағы ұзақ уақыт­тан бері істен шыққан трансформатты дүңгіршектің тұрғанын айтып, басқа жаққа көшіру қажеттілігін айтты. Ықшамаудан тұрғындары Рысқұлов пен Макаренко көшелері қиылысына немесе осы жақын маңға аяқ киім жөндейтін дүңгіршектің ауадай қажет екендігін айтып деген көмек сұрады.

Жалпы, үміткермен болған кездесу­лер­дің барлығы ортақ түсінушілікпен өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *