ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІНЕ МӘН БЕРІЛСЕ

Қала әкімінің назарына!

Жасыратыны жоқ, Алматы қаласы тұрғын үй құрылысы қарқын алып, халықты баспанамен қамтамсыз ету бағдарламасы бойынша алда тұрған бас қаланың бірі. Біз оған әрине қуанамыз. Бірақ, сол салынып жатқан үйлердің құрылыс сапасына кім жауапты деген сауал бізді көп толғандырады.
Себебі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді. Оны сол үйлердің ішіне кірмей-ақ сыртынан-ақ аңғару қиын емес. Пайдаланылуға берілгеніне үш-төрт жыл болған үйлердің сыртқы келбетіне қарасаңыз, қырық жыл бұрын салынған үйлер сияқты бояу ағып, сылағы сылынып түсіп, қабырғалары қақ айырылып, ағал- сағал болып тұр. Олардың қасында тұрған сонау сексенінші жылдары салынған үйлердің тұрпаты бұзылмай сол қалпында тұрғаны бұрынғы құрылыс сапасы мен қазіргі құрылыс сапасыныңғ жер мен көктей айырмашылығы барын байқатса керек.. Қаламыздың жаңа басшысы келген бойда бұрынғы атқарылған істерді саралап қана қоймай, кейбір кемшіліктерге де сала басшыларының көзін ашып қарауды ескертіп жатыр. Менің осы ретте қала басшысының назарына салынып жатқан тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне айырықша мән берілсе деген ұсынысымды жеткізгім келеді. Қаланы көрікті етіп көрсететін осы тұрғын үйлеріміз екені даусыз. Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын тез ағып кететін бояулармен емес, ыстық-суыққа, жауын мен қар суына төзімді құрылыс заттармен әрлеген дұрыс шығар. Сондай-ақ алдағы уақытта салынаты тұрғын үйлердің бірінші қабаты қаланың жаңа басшысы айтқандай, халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар салынса дейміз. Қолжетімді баспанамен қамтамасыз еткен жөн ау, бірақ сол қолжетімді баспананың көңілге қонымды болғандығын қалаймыз. Тұрғын үй құрылыстарының да сапасы қала орталықтарында салынып жатқан сәулетіне салтанаты сай көпқабатты тұрғын үйлердің сәулетінен кем болмауы тиіс. Бұл да шет аудандарда тұратын, қолжетімді баспанаға қол жеткізген, үйдің құнын он жиырма жыл төлеу міндеті жүктелген қарапайым қала тұрғындарының армандарының бірі дер едім.

Нұрғайша Әбдібекова,
қала тұрғыны.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *