ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІНЕ МӘН БЕРІЛСЕ

Нұрғайша  ӘБДІБЕКОВА, қала тұрғыны

Жасыратыны жоқ, Алматы қаласы  тұрғын үй құрылысы  қарқын алып, халық­ты баспанамен қамтамасыз ету бағдарла­масы бойынша алда тұрған  бас қаланың бірі. Біз оған, әрине, қуанамыз. Бірақ сол салынып жатқан үйлердің құрылыс сапасына кім жауапты деген сауал бізді  көп  толғандырады.

Себебі,  мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің  сапасы сын көтермейді. Оны сол үйлердің ішіне кірмей-ақ сыртынан-ақ  аңғару қиын емес. Пайдаланылуға берілгеніне  үш-төрт жыл болған үйлердің сыртқы келбетіне қарасаңыз, қырық жыл бұрын салынған үйлер сияқты бояуы ағып, сылағы сылынып түсіп, қабырғалары қақ айырылып, ағал-сағал болып тұр. Олардың қасында тұрған сонау сексенінші жылдары салынған үй­лер­дің  тұрпаты бұзылмай сол қалпында тұр­ғаны бұрынғы  құрылыс сапасы мен қазіргі құрылыс сапасының жер мен көк­тей айырмашылығы барын байқатса керек.

Қаламыздың жаңа басшысы келген бойда бұрынғы атқарылған істерді саралап қана қоймай, кейбір кемшіліктерге де  сала басшыларының көзін  ашып қарауды  ескертіп жатыр. Менің осы ретте қала бас­шысының назарына салынып жатқан тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне айрық­ша мән берілсе деген ұсынысымды  жет­кізгім келеді. Қаланы көрікті етіп көрсе­тетін осы тұрғын үйлеріміз екені даусыз. Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын тез ағып кететін бояулармен емес,  ыстық-суық­қа, жауын мен қар суына төзімді  құрылыс заттармен әрлеген дұрыс шығар. Сондай-ақ, алдағы уақытта  салынатын тұрғын үйлердің бірінші қабаты қаланың жаңа басшысы айтқандай, халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар салынса дейміз.

Қолжетімді баспанамен қамтамасыз еткен жөн-ау, бірақ  сол  қолжетімді баспананың көңілге қонымды болғандығын  қалаймыз. Тұрғын үй құрылыстарының да сапасы қала орталықтарында салынып жатқан  сәулетіне салтанаты сай көпқабат­ты тұрғын үйлердің  сәулетінен кем бол­мауы тиіс.  Бұл да шет аудандарда тұратын, қолжетімді баспанаға қол жеткізген, үйдің құнын он-жиырма жыл төлеу міндеті жүктелген қарапайым қала тұрғында­рының армандарының бірі дер едім.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *