ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ: КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бұл жұмыстарды пайызсыз және үстемесіз жүргізуге болады

Қазақстан бойынша  Алматы қаласының тұрғын үй қоры ең үлкен  қор болып табылады, мұнда  шамамен 8,5 мың көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 50%-дан астамы шатырлардың, қасбеттердің, инженерлік желі­лердің, кіреберістер  мен жертөлелердің тозуы себебі­нен қандай да бір жұмыс түрлерін жүргізуді талап етеді.

Жөндеуге кейiн.

Тұрғын үйлердің жайлылығы мен сапасын қамта­масыз ету үшін және үйдің  тозып кетуіне жол бермес үшін  оған  белгілі бір мезгілде күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу талап етілетіні белгілі.  Бүгінгі күні тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындар екі жолды пайдалана алады.

Жөндеуге дейiн.

«Тұрғын үй қатынастары туралы»  заңда қарастырылған күрделі жөндеу жұмыстарына АЕК-тен 0,005% мөлшерінде ай сайын қаржылай  жинақ  жүргі­зуге болады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, инфля­цияны және осы мәселедегі халықтың белсенділігінің төмендігін ескере отырып, мұндай тәсілмен қаржыны тым ұзақ, көп уақыт жинақтауға тура келеді. Сондықтан бүгінде көптеген меншік иелері Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекет­тік бағдарламасына қатысуға мүдделі. Бұл бағдарламаны пайдаланып, жөндеу жұмыстарын 8-15 жылға бөліп (пайызсыз және үстемесіз!) жүргізуге болады. Шарттың құны қайтару­дың бүкіл мерзімі ішінде өзгеріссіз қалатыны, ал әрбір үй-жайға (пәтерге) жүктелген берешектің  мерзімінен бұрын өтелу мүмкіндігі  – Бағдар­лама артықшылық­тарының бірі.

Жөндеуге кейiн.

Бағдарлама  елімізде  2011 жылдан бері  табысты іске асырылуда және осы уақыт ішінде тек Алматыда 691 үй жөнделіп, 941 лифт ауысты­рылды. «Алматы тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  деректе­ріне сүйенсек, өткен  жылы бағдарлама бойынша  қалада  162 үйге жөндеу жүргізілген  және жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келе жатқаны байқалады. Компания  өкілдері  түсіндіргендей, аталмыш бағдарламаға қатысу үшін  өтініш беру қиын емес.

Ауыстырғанға дейiн.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемле­кеттік бағдарламасына қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста тұрғын үйге жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды және пәтер иелерінің ішінен жауапты тұлға­ларды сайлайды. Бұл ретте дауыс беруге тұрғындардың жалпы санының үштен екісі қатысуы және көпшілігі келісім беруі тиіс.  Кейін басқару органы хаттама­ны және  қатысуға өтінімді «Алматы тұрғын үй» ЖШС-іне  ұсынады. Ол өз кезегінде, осы құжаттардың негізінде тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім береді. Мәселен, жоғарыда атап өткеніміздей, 2019 жылы ғана Бағдарлама аясында  163 көппәтерлі тұрғын үйге (қасбеттер, шатырлар, кіреберіс­тер, жертөлелер, инженерлік желілер) күрделі жөндеу жұмыстары осы  жолмен атқарылды.

Ауыстырғаннан кейiн.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда 2020 жылға арналған Бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарына  және лифті­лерді ауыстыруға өтінімдер қабылдау жүргізілуде. Бар­лық мәселелер бойынша тұрғындар мына мекен-жайға хабарласуына болады: Жароков көшесі, 215-үй, 313-бөлме. Телефондар: +7272-390-25-25, +7701-038-25-25.

 

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close