Тұманбай Молдағалиевтің тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылды

 565Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Әнұраны авторларының бірі, халық­аралық Физули атындағы сыйлықтың иегері Тұманбай Молдағалиев өмірінің соңғы жылдары тұрған Амангелді көшесі, 49-үйге (Қабанбай көшесінің қиылысы) ескерткіш-тақта орнатылу салтанаты болып өтті. Мәдени шараға Алматы мен Астана қалаларының зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері және ақынның туған-туыстары қатысты. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Жазушылар одағы бас­қармасы төраға­сының бірінші орын­басары Ғалым Жайлыбай, әдебиет сыншысы, академик Серік Қирабаев, жерлес жолдасы Қалтан Бастаубай сөйлеп, ақын Тұманбай Молдаға­лиевтің ұлттық әдебиетті дамытудағы ерекше үлесіне тоқталып өтті.

568Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сый­лықтың иегері Тұманбай Молдағалиев ұлттық әдебиетте сыршыл лириканы барынша дамытқан ақын. Қазақтың қара өлеңінің тұмасы мөлдір, поэзиясы оқырман жүрегін жылытып, көктем лебіндей шуақ құятын, ешкімге ұқсамайтын дария сезім, бояуы қанық сурет, шыңыраудан шыққан асыл ой, күмбірлеген күй, әуезді ән болып келеді.

Ақынмен 55 жыл отасқан сүйген жары Күлтай Қасымқызы Тұманбай Молдағалиевтің рухын көтеріп, тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатқан Алматы қаласы әкімдігіне ризашылық сезімін білдірді.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *