Тұлпарды шаппай тұрып тұяғынан танитын, сұңқарды ұшпай тұрып қияғынан танитын

Сейілбек ШАУХАМАНОВ:

 

– …Міне, Әбіш Кекілбайұлы осының бәрінің басын бір шаңыраққа қосып, ұйытып, ұйымдастырып, ақылымен арқандап, шеберлігімен шегелеп, кісілігімен кісендеп, талантымен тағалап, тапқырлығымен тұсаулап, көсемдігімен көндіріп, шешендігімен сендіріп, дәлдігімен, дәйектілігімен дәлелдеп, шайтанға тұзақ құрарлықтай сұңғыла саясаткерлігімен 362 депутатты сабасына түсіріп, небір тарихи, тағдырлы сын сағаттарында күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді майдан қыл суырғандай етіп, өгіз өлтірмей, арба сындырмай шешетін еді, жарықтық Әбекең.

Әбекең тұлпарды шаппай тұрып тұяғынан танитын, сұңқарды ұшпай тұрып қияғынан танитын, кісі болар баланы бесігінен танитын, көріпкел, данагөй бабаларымыздың ұрпағы, жарасымды жалғасы, сезімтал, сергек, адамсүйгіш, адамсыйлағыш, адамтүсінгіш, адамтанығыш, не айтып отырғаның түгіл, не айтайын деп отырғаныңды, не ойлап отырғаныңды қасың мен қабағыңнан біліп қоятын психолог, адам жанының инженері еді ғой, шіркін.

 

(«Егемен Қазақстан», 7.03.2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *