«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН»

АЛМАТЫ ОҚУШЫЛАРЫ «АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТЫП ЖАРЫСАДЫ

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 Балалардың жазғы дем­а­лысы да аяқталып келеді. Алматы оқушыларына осыдан үш ай шамасы бұрын қала әкімдігі тара­пынан «үй тапсырмасы» берілген болатын. Нақтырақ тарқатсақ, мектеп оқу­шылары арасында, Елба­сы­ның «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы­мен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы жарияланған-ды. Бұл ту­ралы бұдан бұрын да айтқанбыз.

 

  Бірінші орынға 1,5 миллион теңге тігілді

Белгіленген мерзім ішінде аталмыш сайысқа қатысуға алматылық 1300-ден астам үміткер бала өтініш білдірген екен. Енді өнерге, жырға құмар жеткін­шектеріміз жазғы дема­лысын босқа өткізбей, «Алпамыс батыр» жырын ұзақтығына қарамастан басынан аяғына дейін жаттады деген үміттеміз.

Алматы шаһарында алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл Ұлттық жобаға қатысушы өрендер «Алпамыс батыр» туралы жырды мүдірместен жатқа айтып, онда кездесетін көнерген сөздерді талдай отырып, жан-жақты түсіндіріп, қазылар алқасы тарапынан қойылған, мектеп бағдарламасы аясында әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс. Сондай-ақ, қалалық деңгейдегі байқауда ақтық сынға шыққан қатысушылар эссе жазудан жарысқа түседі. Осы кезеңдерден сүрінбей өткен қатысушылардың ең үздігін қазылар алқасы таңдап алатын болады.

Жүлденің жалпы қоры 12 миллион теңге. Бірінші орынға лайық деп танылған жеткіншекке 1,5 миллион теңге табысталады. Ал екінші орынға –   1 миллион теңге, үшінші орынға 500 мың теңге бөлініп отыр. Жүлдеден үмітті 6-10-сынып оқушыларын дайындаған тәлімгер мұғалімдері де сый-сияпаттан кенде қалмақ емес. Үздік оқушының ұстазы Оксфорд қаласында ағылшын тілі курсынан өтуге жолдама алады.

«Ішкі саясат», «тіл», «білім» атсалысуда

Айтулы байқауды Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен  «R-Medіa» компаниясы құрамында Алматы қалалық Ішкі саясат, Білім, Тілдерді дамыту басқарма­ларының өкілдері бар Ұйым­дастыру комитетінің өкілдерімен бірлесе жүзеге асырмақ.

Қыркүйек айының басында аудандық іріктеу кезеңі өткізіліп, айдың аяғында қалалық деңгейдегі байқаудың нәтижесі шығарылмақ.

Жалпы, байқау аудандық және қалалық болып екі деңгейге бөлінген. Аудандық сайыста үздік шыққан үш оқушы қалалық байқауда бақ сынайды. Яғни Алматыдағы 8 ауданнан іріктеліп алынған 24 оқушы жүлделі орындарды өзара сарапқа салады.

 

Ұлттық жоба нені көздейді?

«Тұлпар мініп, ту алған» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауының мақсаты  –  балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау; сол арқылы өрендерді патриотизмге тәр­биелеу, елдік пен ерлік рухына, өрлік, қайсарлық қасиеттерге баулу; талантты балаларды анықтап, оларды көптің алдына шығарып, қолдау көрсету; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің де мәртебесін көтеріп, олардың кәсіби біліктілігін шыңдауына жағдай жасау.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «тұлпар мініп, ту алғысы» келетін, байқауға қатысуға өтінім берген алматылық 1300-ден астам үміткер баланы 500-ден астам ұстаз сайысқа дайындап жатыр. 54 оқушы өзге ұлттың өкілі. Бізге Михаил Шух деген жеткіншектің қазірдің өзінде «Алпамыс батыр» жырын бастан-аяқ жаттап алғаны белгілі болды. Енді олар жаз бойына жат­тағандарын, дайын­дықтарын пысықтап жатқан көрінеді.

 

Мұндай бізде ғана бар!

Биыл алғаш рет «Алпамыс батыр» жырынан бастау алып отырған, белгілі ақын, журналист Серік Сейітман жетекшілік ететін бұл Ұлттық жобаға жалғасы болсын деп сәттілік тілейміз. Жалпы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті жыр-дастандар мен эпос­тарға бай. Нақтырақ айтсақ, біздің қазақтың тарихында 5 мыңнан астам ән-жыры болған. Мұндай құнды дүниелер бізде ғана бар!

«Алпамыс батыр» – қазақ  хал­қының қаһармандық эпосы. Жырдың халықтың есінен мәңгілік ұмытыл­мастай орын алу себебі – онда тарихи-әлеуметтік шын­дықтың биік көркемдікпен жырлан­уында. Мұндағы бейне­ленетін көрініс­тердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән, мейлінше жақын дүниелер. Алдағы жылдары «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырларының да осындай бірегей    жоба­ға арқау болары­на сенеміз.

Оқушылардың жазғы демалысында үлкен үй тапсырмасы  – осындай игі шаралар үнемі қолға алынып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

1 пікір

  1. Sa’lemetsizder me! Sizderdin’ saittaryn’yzda osy saiysk’a k’atysty su’rak’tar zharyalanady dep edi, ol kawan wyg’ar eken?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *