Төленген өсімпұлдар халыққа қайтарылады

Жақында еліміздің Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов өткен жылы өз қарызын төлеген қазақстандықтарға салық берешегі үшін өсім мен айыппұл сомасын қайтаруға уәде беретінін айтты.

Бұл ретте ол «Көптеген азаматтар белсенді әрі адал. Олар заңды күтпес­тен негізгі қарыз бен өсімпұлды төлеп қойған. Сондықтан рақымшылық мұндай адамдарға да қолданылады. Әрі төленген өсімпұл сомасы қайтарылатын болады. Қазір мұндай салық төлеу­шілердің саны мен сомасы нақтылану үстінде», – деп хабарлады Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, аталған азаматтар аудандық мемлекеттік кірістер басқар­масына өтініш жазуы керек. Ақшаны қайтару сол негізде жүзеге асырылады екен. Биыл өсімді есептен шығарудың негізгі және жалғыз шарты – жеке тұлға­ның салықтар бойынша негізгі қарызды төлеуі болмақ. Соған орай Қ.Байеділов «Бұл үшін салық төлеуші­лерге арнайы ешқайда барудың қажеті жоқ. Тек, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың жеке шоттарының жәй-күйіне мони­торинг жүргізіп, ол бойынша негізгі қарызды төле­гендерге үш жұмыс күні­нен кешік­тірмей өсімпұлды есептеп шы­ғару тура­лы тиісті шешім шыға­рады», – деп атап өтті.

Еске сала кететіні, елімізде 1,39 млн. адам үшін салық рақымшылығы жаса­латын заң күшіне енді. Олар 13,9 млрд. теңгедей негізгі қарызды төлеген жағ­дайда ғана 7 млрд. теңге көлеміндегі өсімақысы кешірілетін болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *