«Төлеген мен қыз Жібек»

ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізіледі

 

2018 жылғы 6 маусым – 6 шілде аралығында Алматы қала­сының Мәдениет және архивтер басқар­масының «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізіледі.

Мақсаты: Қазақстан Республи­касында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемле­кеттік комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында «Төлеген мен Қыз Жібекке» арналған ескерткіштің үздік мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

«Қыз Жібек»  лиро-эпостық даста­ны­ның, Е.Бру­­силовскийдің «Қыз Жібек» опера­сының идеялық  мағына­сын, көркемдік, образдық мазмұнын кеңі­нен ашу мәңгілік құндылық­тар – ерлік пен махаббатты мадақтау. Ескерткіш (мүсіндік туынды) айнала­дағы сәулеттік және ландшаф­тық көрініспен үйлесуі тиіс.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады.

Жобалар 2018 жылдың 6 шілде­сінен кешіктірілмей, мына мекен-жайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы, Мәдениет және архивтер басқар­масы, 444- кабинетке тапсырылады.

Басқа қалалардағы авторлар жоба­ларды белгіленген мерзімінен кешіктір­мей, пошталық түбіртек нөмірін алдын- ала хабарлай отырып, Алматы қаласы, Мәдениет және архивтер басқармасы­ның мекен-жайына жіберуі қажет.

 

Қосымша ақпараттар мен анық­тамаларды:

8 (727) 272-11-09 телефоны  арқылы алуға болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *