Тұлғалар басқарған университет

Алғаш рет 1928 жылы педагогикалық факультет болып құрылып, бірнеше бөлімдері ғана болған қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті кеше Алматыдағы Республика сарайында өзінің 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Бүгінде ұлттық жоғары оқу орындарының көшбасшысы, қара шаңырағында 15 академик, 200-дей ғылым докторы, 300-ге жуық ғылым кандидаттары 7 мың студентке дәріс береді.

Қазіргі әрқайсысы еліміздің білім, ғылым әлеуетін шырқау биікке көтеріп отырған медицина, аграрлық университеттері және басқалары кезінде осы шаңырақтан енші алып шыққан. Салтанат кезінде көрсетілген оқу орны туралы деректі фильмде кезінде С.Асфендияров, А.Байтұрсынұлы, Т.Жүргенов, М.Ғабдуллин тәрізді тұлғалар басқарған университеттің тарихы, бүгінгі жетістіктері жан-жақты баяндалған.

Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова қатысып, мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді Сондай-ақ, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ф.Мартини «Біз бұл университетпен әріптестігімізді мақтан етеміз» деп қазақ тілінде сөйледі.

Кеш соңы өнер шеберлерінің концертіне ұласты.

 

«Ақшам-ақпарат».   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close