Төбемізде бір аспан

Рая ЕСКЕНДІР

 

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан, – деп ақын жырлаған дос­тықтың үлгісін біздің тәуелсіз еліміз дүние жүзіне танытып отыр. Жүз қырыққа жуық ұлт пен ұлыс бас қосқан осынау кең байтақ Қазақстан құшағы кең, көпбалалы мейі­рімді ана сияқты. Еліміз­дегі достық, береке мен бірлік биылғы жылы да кең көлемде аталып өтті.

 

Қаламыздағы М.Мақа­таев атындағы №140 гимна­зия шаңырағында да бұл мереке «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» деген атпен әсем әнмен әдіптеліп, кең көлем­де, терең мазмұнда аталып өтті. Жер дүние жаңа­рып, жасарып, тіршілік өзгеше бастау алған көктем мезгілі атаулы мерекелерімен де өзгеше.

Мектептің бастауыш сы­нып­тарда оқитын кішкентай ғана бүлдіршіндері фести­вальға қатысып, өз өнерле­рімен там­сандырды. Көктем­нің келгенін би тілімен жеткізген 3 «а» сынып оқу­шы­лары орын­даған «Көк­тем» биі мен 4 «е» сынып оқушылары орындаған «Қа­зақ биі» де көпшілікке көте­ріңкі күй сыйлады.

Осыдан соң 4 «г» сынып оқушысы Нұрасыл елімізде тұрып жатқан талай түрі басқа, тілегі бір ұлт өкілде­рінің бейбіт аспан астындағы тамаша тіршілігі туралы әңгімеледі. Әсіресе, 1 «ә», «б», «г» сынып оқушылары орын­даған шығыс, үнді, өзбек билеріне көпшілік дуылдата қошемет көрсетумен болды.

Осылайша достықты, бере­келі тыныс-тіршілікті әнге арқау етіп, бимен жет­кізе білген бастауыш сынып оқу­шылары Қазыбек бидің «Біз қазақ достықты сақта­ған елміз, дәм-тұзды ақтаған елміз» деген өсиетін ту етіп ұстап келе жатқанымызға осынау кештің куә екендігін айтып, ел тәуел­сіздігінің тұғырлы болуын тіледі. Осынау бір керемет кеш оны тамашалаған жандарға бейне кіші Ассамблея көшіп келген­дей әсер етті.

Гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы үлкен мектепке бағыт алған бас­тау­ыштық­тардың керемет өнерлі екен­дігіне тәнті болға­нын айтып, ризашылығын білдірді. Баста­уыш сынып оқушылары Қа­зақ­станда тұрып жатқан ұлт­тар­дың өнерін, салт-дәстүрін үйреніп қана қойған жоқ, олардың тарихымен де таны­сып, білім көкжиектерін кеңейт­ті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *